Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 5 жұмыс күн; 2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут.
Қызмет көрсетушінің атауы
кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты
Қажетті құжаттардың тізбесі
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2–қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат; 3) баланың туу туралы куәлігінің немесе жеке куәлігінің көшірмесі; 4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3–қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнынан анықтама.
Қызмет көрсету нәтижесі:
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1–қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну туралы анықтама.
Қызмет көрсету нысаны
қағаз түрінде
Қызметті алудың орыны
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Жұмыс кестесі:
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейінгі аралықтағы түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейінгі аралықтағы түскі үзіліспен сағат 9.00 – ден 17.30 – ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүргізіледі.