Жеке қосалқы шаруашылықтың бар болуы туралы анықтама беру

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
Қызметтің атауы
Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру
Қызметті көрсететін мемлекеттік орган
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары және кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді
Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) ««Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
Қызметті алушылар
жеке тұлғалар
Қызметтің құны
тегін көрсетіледі
Қызмет көрсету мерзімі
1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) минут; 2) күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны
электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Жұмыс кестесі
1) көрсетілетін қызметті берушіде – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 84-бабына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижені беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Қажетті құжаттар
1) көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға: жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі); осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) порталға: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш. Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
Мемлекеттік қызметтің нәтижесі
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама