Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру мемлекеттік көрсетілетін қызметінің ПАСПОРТЫ

«Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге
ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Қызметтің атауы
«Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру»
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
Аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары
Қызметтің тұтынушылары
Заңды және жеке тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы және мерзімі
Қағаз түрінде.
30 (отыз) күнтізбелік күн.
Қызметтің көрсетілетін тәртібі
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурызында № 271 бұйрығымен бекітілген
Қажетті құжаттар
Көрсетілетін қызметті берушіге кезде:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) неғұрлым бағасы төмен ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне және неғұрлым бағасы жоғары алқаптарға ауыстыру кезінде - аудандар мен қалалардың ауыл және су шаруашылығы уәкілетті келісуші органдарының ұсыныстары және қорытындылары бар түсіндірме жазба;
- суарылмайтын егiстiктi ауыл шаруашылығы алқаптарының басқа неғұрлым бағасы төменiне ауыстыру кезінде - облыстық ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау уәкілетті келісуші органдарының ұсыныстары және қорытындылары бар түсіндірме жазба;
4) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға жоспарланған жерлердің экспликациясы;
5) бір түрден екінші түрге ауыстыруға жоспарланған ауыл шаруашылығы алқаптарының орналасқан жері, олардың алаңын, пайдаланылу түрі, ауыстыру себебі көрсетілген далалық зерттеу актiсi және түрлендіруге жататын анықталған жерлері көрсетілген, келісуші мемлекеттік органдар бөлімшелерінің және ауыл шаруашылығы жерлердің барлық мүдделі уәкілетті жер пайдаланушыларының (жер иелерінің) өкілдері қол қойған далалық зерттеу сызбасы;
6) жер учаскелерінің сапалық сипаттамасы;
7) жалпы баланстық құны мен тозу сомасы көрсетілген негізгі мелиоративтік қорлардың одан әрі пайдалануға жарамсыздығы туралы актіні қоса берумен суару желісінің техникалық жағдайы туралы мәліметтер.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
Көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат ( шешім).