Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тірк

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
Қызметтің атауы
Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру
Қызметті көрсететін мемлекеттік орган
Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме
1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары; 2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Қызметті алушылар
жеке және заңды тұлғалар
Қызметтің құны
тегін
Қызмет көрсету мерзімі
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап: ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшесіне – 7 (жеті) күн; республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшесіне – 5 (бес) жұмыс күні; өндіріс объектісі жүзеге асыратын қызмет түрін өзгертуге әкеп соқтырмай, атауы және/немесе ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда және – 5 (бес) жұмыс күні; жүзеге асыратын қызмет түрі өзгерген жағдайда, өндіріс объектісі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген мерзімдерде есептік нөмірді беру рәсімдерінен қайта өтеді; сою алаңдары қолда бар есептік нөмірін растау үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген мерзімдерде есептік нөмірді қайта ресімдеу рәсімінен өтеді. 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут; 3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны
электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
Жұмыс кестесі
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі; 2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Қажетті құжаттар
көрсетілетін қызметті берушіге: есептік нөмір беру үшін: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін); 3) өндіріс объектісі қызметінің түрі, өндірілетін өнімнің көлемі мен түрі туралы еркін нысанда жасалған ақпарат. Есептік нөмірді қайта ресімдеу кезінде, есептік нөмірдің атауын және (немесе) ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын өзгерту кезінде, сою алаңына есептік нөмірді растау кезінде: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін); порталға: есептік нөмір беру үшін: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; 2) өндіріс объектісі қызметінің түрі, өндірілетін өнімнің көлемі мен түрі туралы еркін нысанда жасалған ақпараттың электрондық көшірмесі. Есептік нөмірді қайта ресімдеу кезінде, есептік нөмірдің атауын және (немесе) ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын өзгерту кезінде, сою алаңына есептік нөмірді растау кезінде: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, ветеринария-санитариялық қорытынды туралы, бұрын берілген есептік нөмір туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады
Мемлекеттік қызметтің нәтижесі
жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөптер мен жемшөптік қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірдің берілгені туралы растама (бұдан әрі – растама) беру немесе берілген есептік нөмірді қайта ресімдеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.