«Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау қызметінің ПАСПОРТЫ

«Орта білім беретін үздік ұйым»грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылда» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының
ПАСПОРТЫ
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған сәттен бастап, 30 (отыз) минут ;
Төлем жүргізуінің қаралуы
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі
Қажетті құжаттардың тізбесі
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысан);
2) Стандарт қосымшасында көрсетілген конкурсқа қатысу критерийлеріне сәйкестігін растайтын материалдарды ұсыну;
Қызмет көрсету нәтижесі:
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдау номерін,күні мен уақытын көрсете отырып, барлық құжаттарды алғаны туралы қолхат береді
Қызмет көрсету нысаны
Қағаз түрінде
Қызметті алудың өзге жолдары
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Жұмыс кестесі:
Демалыс және мереке күнін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында. Сағат: 09.00-ден 17.30-ға дейін жүргізіледі. Түскі үзіліс:13.00-14.30 ға дейін