«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру қызметінің ПАСПОРТЫ

Қызметтің атауы
Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
«Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қызметтің тұтынушылары
Жеке және заңды тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
қағаз түрінде
Қызметтің көрсетілетін орыны
«Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
«Шалқар аудандық кәсіпкерлік бөлімі» ММ
Қызмет көрсету мерзімі
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 24 (жиырма төрт) жұмыс күн ішінде; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты 30 (отыз) минуттан аспайды; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 20 (жиырма) минуттан аспайды.
Жұмыс кестесі
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліс 13.00-ден 15.00-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметтің құны мен ақы төлеу тәртібі
қызмет ақысыз негізде көрсетіледі
Қажетті құжаттар
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының (бұдан әрі Бағдарлама) бірінші және екінші бағыттары бойынша: осы стандартқа қосымшаға сәйкес қатысуға арналған өтініш-сауалнама; заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушының мөрімен/қолтаңбасымен расталған көшірме); лицензия, егер қызмет түрі лицензияланатын болса (көрсетілетін қызметті алушының мөрімен/қолтаңбасымен расталған көшірме); жарғы (акционерлік қоғам акцияның шығарылымының жиынтығын және бағалы қағазды ұстаушылардың тізілімінен үзінді көшірмені қосымша ұсынады (тіркеушінің мөрімен/қолымен расталған көшірме); өтініш бергенге дейінгі 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдерге берешегінің жоқтығын растайтын салық органының анықтамасы; көрсетілетін қызметті алушыға Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарымен кредит беру немесе кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар екінші деңгейдегі банктің/Даму банкінің хаты; Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша: осы стандартқа қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген нысаны бойынша қатысуға өтініш-сауалнама; заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама; лицензия, егер қызмет түрі лицензияланатын болса (көрсетілетін қызметті алушының мөрімен/қолтаңбасымен расталған көшірме); жарғы, акционерлік қоғамдар акциялар шығарылымының жиынтығын және акционерлердің тізілімінен үзінді көшірме; өтініш бергенге дейінгі 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдерге берешегінің жоқтығын растайтын салық органының анықтамасы; экспорт режимінде тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгілері бар кедендік жүк декларациялары; Қазақстан Республикасы кеден шекарасының өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі бар тауарға ілеспе құжаттар; соңғы есепті кезеңдегі валюталық түсімнің тиісті деңгейінің болуын растайтын құжаттар. Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттармен кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету туралы оң шешімі бар екінші деңгейдегі банктің/Даму банкінің хаты.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысы хаттамасының көшірмесі