«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру қызметінің ПАСПОРТЫ

Қызметтің атауы
Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
«Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қызметтің тұтынушылары
Жеке және заңды тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
қағаз түрінде
Қызметтің көрсетілетін орыны
«Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
«Шалқар аудандық кәсіпкерлік бөлімі» ММ
Қызмет көрсету мерзімі
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 24 (жиырма төрт) жұмыс күн ішінде; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты 30 (отыз) минуттан аспайды; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 20 (жиырма) минуттан аспайды.
Жұмыс кестесі
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліс 13.00-ден 15.00-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметтің құны мен ақы төлеу тәртібі
қызмет ақысыз негізде көрсетіледі
Қажетті құжаттар
осы стандартқа қосымшаға сәйкес қатысуға арналған өтінім; заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің* көшірмесі; қызмет түріне лицензияның көшірмесі (егер қызмет түрі лицензияланатын болса); өтінім бергенге дейінгі 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдерге берешегінің жоқтығын растайтын салық органының анықтамасы; жарғы (егер заңды тұлға акционерлік қоғам нысанында құрылған жағдайда кәсіпкер, акциялар шығарылымының жиынтығы мен акционерлер тізілімінен үзінді көшірмені қосымша ұсынады (мөрмен расталған көшірме/қолтаңба); кәсіпкердің соңғы қаржы жылындағы салық декларациясының көшірмесі және/немесе оның бірінші басшысы куәландырған (заңды тұлғалар үшін) дебиторлық және кредиторлық берешек (оның ішінде берешектің пайда болған күні, сомасы және тауарлар мен көрсетілетін қызметтің атауы) толық жазылған қаржылық жағдай туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін интернет-ресурстарда жарияланған ақпарат қоса берілген қаржы есептерінің көшірмелері; кәсіпкердің кепілдік сомасы есептелінген кредит алу мүмкіндігі туралы екінші деңгейдегі банктің/Даму банкінің оң шешімі бар хаты; қаржы агентінің кәсіпкерді кепілдендіру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатының көшірмесі (екінші деңгейдегі банктің/Даму банкінің мөрімен куәландырылған); кәсіпкердің жобасын іске асыру бойынша болжамды мерзімдерді, жобаны іске асыру шарттарын қамтитын бизнес-жоспары.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысы хаттамасының көшірмесі