«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру қызметінің ПАСПОРТЫ

Қызметтің атауы
Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
«Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қызметтің тұтынушылары
Жеке және заңды тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
қағаз түрінде
Қызметтің көрсетілетін орыны
«Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
«Шалқар аудандық кәсіпкерлік бөлімі» ММ
Қызмет көрсету мерзімі
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 24 (жиырма төрт) жұмыс күн ішінде; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты 30 (отыз) минуттан аспайды; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 20 (жиырма) минуттан аспайды.
Жұмыс кестесі
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліс 13.00-ден 15.00-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметтің құны мен ақы төлеу тәртібі
қызмет ақысыз негізде көрсетіледі
Қажетті құжаттар
осы стандартқа қосымшаға сәйкес гранттар беру жөніндегі конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім; заңды тұлғаны (жеке кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің* көшірмесі; салық органына есепке қою туралы куәліктің (хабарламаның) көшірмесі; салықтар, жарналар, алымдар бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы анықтама; көрсетілетін қызметті алушының қолымен және қызметті алушының мөрімен куәландырылған өтінім беру уақытындағы жалдамалы қызметкерлердің орташа саны туралы анықтама; бизнес-жоба; көрсетілетін қызметті алушының «Бизнес-Кеңесші» жеделдетілген курстарында қысқа мерзімді оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі; заңды тұлғалар үшін жарғы көшірмесі (болған жағдайда); қызмет түріне байланысты лицензияның көшірмесі (егер қызмет түрі лицензияланатын болса); көрсетілетін қызметті алушы атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сеніп тапсырылған адамның (заңды тұлға куәландырған заңды тұлғаның атынан) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысы хаттамасының көшірмесі