«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету қызметінің ПАСПОРТЫ

Қызметтің атауы
Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
«Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қызметтің тұтынушылары
Жеке және заңды тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
қағаз түрінде
Қызметтің көрсетілетін орыны
«Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
«Шалқар аудандық кәсіпкерлік бөлімі» ММ
Қызмет көрсету мерзімі
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күн ішінде; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты 30 (отыз) минуттан аспайды; 3) рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты 20 (жиырма) минуттан аспайды.
Жұмыс кестесі
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліс 13.00-ден 15.00-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі. Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 19.00 аралығында, 13.00-ден 15.00-ға дейінгі түскі үзіліспен жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметтің құны мен ақы төлеу тәртібі
Ақысыз негізде
Қажетті құжаттар
еркін нысанда қатысуға өтінім; мүдделі мемлекеттік органдармен және мекемелермен келісілген өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізуге арналған техникалық талаптар.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысы хаттамасының көшірмесі