Тұрғын үй көмегiн тағайындау

Қызметтің атауы
«Тұрғын үй көмегін тағайындау»
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
1. ХҚКО ;
2. www.egov.kz «электрондық үкімет» веб порталы ;
Қызметтің тұтынушылары
Жеке тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін тәртібі
ҚР Ұлттық Экономика Министрлігінің 09.04.2015 жылғы № 319 бұйрығы
Қажетті құжаттар
1.Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2.Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі ;
3. Отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді қоспағанда )
4.Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарнаның мөлшері туралы шот;
5.Коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шот;
6.Телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
7.Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама