Спорт жаңалықтары

Денешынықтыру-сауықтыру кешенінде 2016 жылдың 13-14 ақпан күндері Кеңес әскерінің Ауғаныстаннан шығарылуына 27 жыл толуына орай дзюдо күресінен 2003-2005 жылы туылған кіші жасөспірім ұлдар арасында Шалқар аудандық ашық біріншілік өтті.Ашылу салтанатында Шалқар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қ.Б.Бұхарбаев спортшыларға қысқаша Ауғанстан соғысының тарихын айтып өтіп, жасөспірімдерге жарыста сәттілік тілеп, біріншілікті ашық деп жариялады және шағын концерттік бағдарламада Аудандық мәдениет үйінің әншісі Жанқұлов Бақытқали «Қазақстан» әнімен спортшыларға күш жігер берді.Аталмыш біріншілікке Орал, Ойыл, Байқоңыр, Бадамша, Шұбар, Қандыағаш, Ақтөбе (Жастар) БЖСМ, Қарғалы, Жем, Шалқар спорт мектептеінен, Шілікті, Тоғыз елді мекенінен жалпы 200-ге жуық жас палуандар күш сынасты. Біріншілктің мақсаты жасөспірімдерді достыққы, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және ауданымызда дзюдо күресін дамыту болатын. Салмақ дәрежелері бойынша: Д.Қабдиуахит (26кг, Ойыл.қ), Али Санжар (29кг, Қандыағаш), Е.Байдуков (32кг, Орал. қ), Е.Амандық (35кг, Орал.қ), Б.Тұрғанбекұлы (38кг, Шалқар.қ), Н.Мақсат (42кг,Қарғалы), А.Қалабаев (46кг, Шұбар), Д.Орынбаев(50кг, Құршысай), Д.Сүйеуов (55кг, Шалқар.қ), Р.Сағитджанов (+55кг, Орал.қ) біріншілкте жеңімпаз атанды. «Жеңіске деген жігері» және «Үздік техникасы» үшін де марапатталды. Жалпы біріншілкте жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота, медаль және бағалы сыйлықтармен (спорттық сумкамен) мараптталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сйлықты В.Н.Цеханович атындағы №1 БЖСМ-нің дзюдо күресінен жаттықтырушысы Манат Емжаров демеушілік жасады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді және жаттықытрушыларын жеңістерімен құттықтаймыз.
№1 БЖСМ әдіскері
М.Ж.Шекенова,
№1 БЖСМ әдіскері