Жастар туристік слеті

Аудандық жастар ресурстық орталығы және Оқушылар сарайы туризм және өлкетану үйірмесінің бірлесе ұйымдастыруымен 9 ақпан Жастар күні мерекесіне орай «Үлкен Борсық» орман шаруашылығы мекемесінде «Жастар туристік слеті» сайысы өткізілді. Мақсаты - салауатты өмір салтын ұстануға бейімдеу, жастардың достық қарым –қатынасын нығайту және ауданда туристік сайысты жастар арасында насихаттау.
Шараға білім ордалары жастарынан құралған «Жас Ұлан», қосымша білім беретін мекеме жастарынан «Жастар», аудандық орталық аурухананың «Денсаулық», аудандық ішкі істер бөлімінің «Динамо», Аграрлық-техникалық колледждің «АТК», Ауылдық округтердің «Ауыл жастары» командалар қатысты.
Сайыстың шарттарына сәйкес командалар кросс-жорық қашықтығындағы жарыс, паралеллді өткелден өту, бревно, маятник, прежок шестом, төрешінің тапсырмасы, алғашқы медициналық көмек (зардап шегушіні тасымалдау) және эстафета (навесная переправа, бабочка, маятник, бурелом) тапсырмаларын орындады.
Сайысқа Оқушылар сарайы туризм және өлкетану үйірмесінің жетекшілері Алсан Лекеров және Ақгүл Шүйіншалиева төрешілік етті.
Тартысты өткен сайыста І орынды және жастар туристік слетінің «Ауыспалы кубогын» Аграрлық-техникалық колледждің «АТК» командасы, ІІ орынды «Ауыл жастары» және ІІІ орынды Аудандық ішкі істер бөлімінің «Динамо» командалары иеленіп, аудан әкімінің дипломымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.