Аудандық бөлімдер және ауылдық округтердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша атқарылған шаралар туралы есептері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету жұмысы туралы ақпарат
Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша 2016 жылдың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету жұмысы туралы ақпарат
Есеп, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы №193 «Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген 2-қосымшаға сәйкес жасақталған.
Жергілікті атқарушы органдардың ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсетулердің реестріне сәйкес мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.
Бөлім бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту мақсатында 2016 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша төмендегідей іс-шаралар жүргізілді.
2016 жылы 20 мемлекеттік қызмет көрсетулер түрлері бойынша 9543 қызмет көрсетілді, соның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» арқылы 3548, «ЭҮП» арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік органда (ведомстволық бағыныстағы мекемеде) көрсетілген саны 2372 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Өткен жылы 18 мемлекеттік қызмет көрсетулер түрлері бойынша 6461 қызмет көрсетілді, соның ішінде «ЭҮП» арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік органда (ведомстволық бағыныстағы мекемеде) көрсетілген саны 1602.
Яғни, «ЭҮП» арқылы көрсетілген қызметтер өткен жылмен салыстырғанда 770 қызметке көбейді.
Бөлім бойынша тек қана «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» арқылы 1 мемлекеттік қызмет «Тұрғын үй көмегі» көрсетіледі.
Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында мемлекеттік қызмет түрлерін сапалы қызмет көрсетету мақсатында ғимаратта ақпараттық стендтермен жабдықталды, сол сияқты мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету жағдайы қарастырылған.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің сақталмағаны бойынша деректер және мемлекеттік органмен, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» арқылы, электрондық түрде көрсетілген қызметтерге келіп түскен шағымдар тіркелмеген.
2016 жылдың 5 қаңтар айында «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары» және «Электрондық мемлекеттік қызметтердің әйгілігін арттыру үшін тұрғындарды ақпараттандыру медиа-жоспары» қабылданды.
Есепті кезеңде келесі іс-шаралар өткізілді:
2016 жылы бөлімнің ұйымдастыруымен, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» қызметкерлерінің қатысуымен қызмет сапасын арттыру жөнінде 8 жиналыс-семинарлар, кеңес отырыстар өткізіліді. Есепті кезеңде келесі іс-шаралар өткізілді:
1. 15.01.2016 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Шалқар аудандық бөлімінде «18жасқа дейіңгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша дөңгелек стол. (Хаттама № 2)
2. 12.02.2016 жылы «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша дөңгелек стол. (Хаттама № 10)
3. 04.03.2016 жылы «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша дөңгелек стол. (Хаттама № 17)
4. 14.04.2016 жылы «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша дөңгелек стол. (Хаттама №4)
5. 26.05.2016 жылы «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша дөңгелек стол. (Хаттама № 37)
6. 13.10.2016 жылы «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша дөңгелек стол. (Хаттама № 58)
7. 10.11.2016 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Шалқар аудандық бөлімінде «18жасқа дейіңгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» және «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша дөңгелек стол. (Хаттама № 67)
8. 22.12.2016 жылы «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша дөңгелек стол. (Хаттама № 1)
Мемлекеттік қызметтердің электрондық түрдегі форматын қолданудың жиілігін және әйгілігін арттыру, мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі ережелерін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізу мақсатында жыл бойына жергілікті ақпарат құралдарында 8 мақала-материалдар жарияланды.
1. 04.03.2016 жылғы № 8-9 (8428) «Шалқар» газетіне «Тұрғын үй көмегін порталда пайдаланыңыз » атты мақала;
2. 14.04.2016 жылғы № 13 (8432) «Шалқар» газетіне «Отын алудың жолы бар» атты мақала;
3. 31.05.2016 жылы shalkar.aktobe.gov.kz сайтына газетіне «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек көрсетіледі» атты мақала;
4. 21.07.2016 жылғы № 26 (8445) «Шалқар» газетіне «Аз қамтылған отбасыларына мемлекеттік балалар жәрдемақысы беріледі» атты мақала;
5. 15.09.2016 жылғы № 34 (8453) «Шалқар» газетіне «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою тәртібі» атты мақала;
6. 06.09.2016 жылы shalkar.aktobe.gov.kz сайтына газетіне ««Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою тәртібі» атты мақала;
7. 28.10.2016 жылғы № 46 (763) «Шежірелі өлке» газетіне «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші құралдар тізбесі туралы» атты мақала;
8. 03.11.2016 жылғы № 41 (8460) «Шалқар» газетіне «Әлеуметтік қызмет көрсетіледі» атты мақалалар жарияланды.
Сонымен қатар ауылдық жерде тұратын тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 4 ауылдық округтерде тұрғындармен кездесулер жүргізілді, атап айтқанда :
10.06.2016 жылы Тоғыз ауылдық округында, 21.07.2016 жылы Айшуақ ауылдық округында, Есет Көтібарұлы ауылдық округында, 06.12.2016 жылы Жаңа қоныс ауылдық округында «Өрлеу» шартты ақшалай көмек жобасы, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бойынша және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейіңгі балалар жәрдемақысына жалпы түсінік берілді.
Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ
Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша 2015 жылдың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету жұмысы туралы ақпарат
Есеп, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы №193 «Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген 2-қосымшаға сәйкес жасақталған.
Жергілікті атқарушы органдардың ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсетулердің реестріне сәйкес мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.
Бөлім бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту мақсатында 2015 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша төмендегідей іс-шаралар жүргізілді.
2015 жылы 18 мемлекеттік қызмет көрсетулер түрлері бойынша 6461 қызмет көрсетілді, соның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» арқылы 3209, «ЭҮП» арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік органда (ведомстволық бағыныстағы мекемеде) көрсетілген саны 1602 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Өткен жылы 18 мемлекеттік қызмет көрсетулер түрлері бойынша 6191 қызмет көрсетілді, соның ішінде «ЭҮП» арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік органда (ведомстволық бағыныстағы мекемеде) көрсетілген саны 403.
Яғни, «ЭҮП» арқылы көрсетілген қызметтер өткен жылмен салыстырғанда 1199 қызметке көбейді.
Бөлім бойынша тек қана «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» арқылы 1 мемлекеттік қызмет «Тұрғын үй көмегі» көрсетіледі.
Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында мемлекеттік қызмет түрлерін сапалы қызмет көрсетету мақсатында ғимаратта ақпараттық стендтермен жабдықталды, сол сияқты мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету жағдайы қарастырылған.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің сақталмағаны бойынша деректер және мемлекеттік органмен, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» арқылы, электрондық түрде көрсетілген қызметтерге келіп түскен шағымдар тіркелмеген.
2015 жылдың 5 қаңтар айында «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары» және «Электрондық мемлекеттік қызметтердің әйгілігін арттыру үшін тұрғындарды ақпараттандыру медиа-жоспары» қабылданды.
Есепті кезеңде келесі іс-шаралар өткізілді:
2015 жылы бөлімнің ұйымдастыруымен, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» қызметкерлерінің қатысуымен қызмет сапасын арттыру жөнінде 9 жиналыс-семинарлар, кеңес отырыстар өткізіліді. Есепті кезеңде келесі іс-шаралар өткізілді:
1. 23.01.2015 жылы «Халыққа қызмет көрсету »РМК филиалының Шалқар бөлімімен «18жасқа дейіңгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» қызметі бойынша дөңгелек стол. (Хаттама № 6)
2. 06.03.2015 жылы «Тұрғын үй көмегін тағайындау» қызметі бойынша дөңгелек стол. (Хаттама № 16)
3. 04.03.2015 жылы «18жасқа дейіңгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» қызметі бойынша дөңгелек стол. (Хаттама № 28)
4. 28.08.2015 жылы «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік көмек тағайындау» қызметі және «Тұрғын үй көмегін тағайындау» қызметі бойынша дөңгелек стол. (Хаттама №71)
5. 23.10.2015 жылы «Тұрғын үй көмегін тағайындау» қызметі бойынша дөңгелек стол. (Хаттама № 87)
Мемлекеттік қызметтердің электрондық түрдегі форматын қолданудың жиілігін және әйгілігін арттыру, мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі ережелерін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізу мақсатында жыл бойына жергілікті ақпарат құралдарында 4 мақала-материалдар жарияланды.
1. 11.06.2015 жылғы № 24 (8391) «Шалқар» газетіне «Электрондық порталдың тиімді қызметі » атты мақалалар жарияланды.
2. 17.09.2015 жылғы № 37 (8404) «Шалқар» газетіне «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын пайдалану»,
3. 22.10.2015 жылғы № 42 (8409) «Шалқар» газетіне «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» қызметін электрондық үкімет порталында алудың артықшылықтары»
4.25.10.2015 жылғы № 43 (8410) «Шалқар» газетіне «Жолдама алыңыз» атты мақалалар жарияланды.
Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ