ХАБАРЛАМА

«Шалқар қаласы әкімінің аппараты» ММ-де , 2017 жылдың 10 ақпанында жергілікті сағат 1500-де жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізілді.
Шалқар қаласының жергілікті қоғамдастық жиналысы қала әкімінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған түсімдері мен шығыстарының жоспарына Орталық демалыс саябағын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 49368788 теңге, Үргенішбаев ат. көшеге түнгі жарықтандырылатын тақтайша орнатуға 280000 теңге, көшелердегі бағдаршамдарды техникалық қызмет көрсетуге 299000 теңге, жарықтандырылатын жол белгілеріне 3750000 теңге, 76 мм-лік темір құбыр 250 дана ұзындығы 3,5 метр алуға 1312500 теңге, 3 тонн цемент алуға 63000 теңге, 25 тонн қайыр алуға 25000 теңге, 10 тонн қиыршық тас алуға 30000 теңге, бағдаршам алуға 6255160 теңге, бағдаршам орнатудың жұмыс жобасына 150000 теңге, түнгі жарықтандыру жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттарды дайындатуға 1500000 теңге, түнгі жарықтандырудың электр төлеміне 13440000 теңге, техникалық қызмет көрсетуге 1614322 теңге бөлуге келісім беру жөнінде шешім қабылдады.
«Шалқар қаласы әкімінің аппараты» ММ