«Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі көрсетіледі.

Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, не табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына), не оның мүлкiне зиян келтiру нәтижесінде келтірілген шығындарға байланысты Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 255 шешімімен өтініш берген сәттің алдындағы тоқсанда отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы Ақтөбе облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен 1 еседен аспаса әлеуметтік көмек көрсетіледі. Тек Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, әлеуметтік көмек олардың табысын есепке алмай көрсетіледі.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 68 бұйрығына сәйкес «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3 бабына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруші органдарға ;
1.жергілікті атқарушы органдарға (аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі);
2. ауыл, ауылдық округ әкіміне;
3.мүгедектер мен әлеуметтік маңызды аурулары бар адамдар – www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы құжат тапсыруына болады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісетіні көрсетілген еркін нысанда жазылған өтінішті және мынадай құжаттарды :
1.жеке басын куәландыратын құжат;
2.тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
3.осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер;
4.адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ;
5.өмірлік қиын жағдайдың туандағанын растайтын акт және/немесе құжатты ұсынады.
Порталға өтініш түсіргенде;
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін –мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтініш;
мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат алу үшін –көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
Электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың, мүгедектікті растайтын құжаттың, адамда әлеуметтік маңызды аурудың бар-жоғын растайтын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
«Шалқар аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» ММ бас маманы Ж.С.Мырзабек