«Нұрлы болашақ жастары!»

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған “Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” жолдауы жолдағаны белгілі. Елбасы жолдауын насихаттай отырып жастардың мемлекет өміріне қатысуының маңыздылығын сезінуге баулу мақсатында, Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде 2017 жылы 14 ақпан күні болашақ ел тізгінін ұстайтын жастарымыздың патриоттық сезімдерін оята отырып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, қоғамдағы өз орнын табуға көмектесу, жас жеткіншектеріміздің өз пікірін анық жеткізе отырып, болашаққа деген арман мақсаттарын айқындап, бірлікте жұмыс жасауға дағдыландыру мақсатында «Музей» бастауыш партия ұйымының төрағасы Н.Ш.Тлембаеваның бастамасымен «Казпочта» бастауыш партия ұйымының төрағасы – Ж.Е.Сейтмағанбетованың бірлесуімен «Нұрлы болашақ жастары!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға аудан әкімшілігі, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, дипломмен ауылға бағдарламасы аясында жұмыспен қамтылған және әр түрлі салада қызмет жасайтын өзге мамандықты меңгерген жұмысшы жастар, кәсіптік мамандықта оқитын студенттер барлығы 30 адам қатысты.
Музей директоры Н.Тлембаева шараның мақсатымен таныстырып, тәуелсіз мемлекетіміздің жастарын патриоттыққа тәрбиелеу аясында білгенімізді кейінгі жастарға үйрету арқылы өмірге деген құлшыныстарын арттыра отырып болашаққа жетелеу керектігіне тоқталды. Сонымен қатар бастауыш партия ұйымының осы күнге дейінгі жетістіктерін айтып өтті. Қоғамдағы өз орнын табуға көмектесу жас жеткіншектердің өз пікірін анық жеткізе отырып, болашаққа деген арман мақсаттарын айқындап, оларды ауызбіршілікте жұмыс істеуге дағдыландыру.
Жиналған қауым алдымен арнайы дайындалған жастарға арналған «Елбасы Жолдауы» атты бейнебаянды тамашалады. Дөңгелек үстелдің өтуі барысында қатысушылар, жалынды жастар мен депутаттар, кәсіпкерлер, мекеме басшылары өзара еркін пікір алмасты. Ауданның ауыл-аймақтарынан келген мектеп директорлары білім ордаларында жастар тәрбиесіне қатысты жүргізіліп жатқан іс-шараларды баяндады. Шарада егеменді елдің нағыз патриот азаматы қандай болу керек, «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасының жас мамандарға тиімділігі қандай, атқаратын қызметтеріңізге көңілдеріңіз толама, алға қойған мақсаттарыңыз қандай, жастардың дінге деген көзқарастары қандай деген сауалдар қойылып, әрқайсысына қанағаттанарлық жауаптар берілді. Жақсы жауап беріп, өз ойын емін-еркін жеткізе білген жастарға музей директоры Н.Тлембаева сый- сияпаттар жасады. Дөңгелек үстел қорытындысында ой өрісті сергіту мақсатында тренинг өткізіліп, жас өнерпаз Ш.Ахметқали «Қазақстан» әнін орындады.