Шалқар аудан әкімі Б.Н.Қаниевтің «Шалқар ауданының 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2017 жылға арналған міндеттері туралы» есебі

Аудан әкімі Б.Н.Қаниевтің «Шалқар ауданының 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2017 жылға арналған міндеттері туралы» есебінің
ТЕЗИСТЕРІ
КІРІСПЕ
Ауданның 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылай келе, жаһандық дағдарыстың салқыны сәл де болса байқалғандығын айтып өту керек. Дегенмен, ауданда Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар ұйымдастырылуының нәтижесінде бірқатар шаралар атқарылды.
Аудан әкімінің өткен жылғы 12 ауылдық округте және қалада тұрғындар алдындағы есепті кездесулері кезінде халықтың өтініштері, ұсыныс-пікірлері, сын-ескертпелері тыңдалып, көтерілген түйінді мәселелер бойынша іс-шаралар жоспары жасалды. Іс-шаралар жоспарына 7 мәселе енгізіліп, оларды жүзеге асырудың жолдары белгіленіп, орындалуы қатаң бақылауға алынды. Нәтижесінде жыл көлемінде бұл мәселелердің барлығы да шешімін тапты. Атап айтқанда, іс-шаралар жоспарына енгізілген мәселелердің аудандық деңгейде 4-і, облыстық деңгейде 3-уі шешілді.
Облыс әкімдігінің 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы жоспарын жүзеге асыру барысында:
Әлеуметтік мәні бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында тұрақтандыру қоры құрылды;
Аз қамтылған отбасыларға ақшалай көмек беру мақсатындағы «Өрлеу» пилоттық жобасы туралы халық арасында кеңінен түсінік жұмыстары жүргізіліп, 4 отбасының 18 мүшесіне 668,3 мың теңге қаржы төленді.
Сонымен бірге, экономика салаларының ішкі резервтерін іздестіру іс-шараларына сәйкес:
2 мектептің қазандығы сұйық отыннан қатты отынға ауыстырылды;
27мекеменің 35 автокөліктері сұйытылған газға көшірілді;
«Туған жерге тағзым» акциясы аясында 62,3 млн.теңге қаржы тартылды.
Мемлекеттік және салалық бағдарламалар бойынша жұмыстар жалғастырылды, несиелер алынды, жаңа жұмыс орындары құрылды. Осылайша, Елбасы Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды орындау барысында төмендегідей негізгі экономикалық көрсеткіштер қалыптасты.
НЕГІЗГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР
Статистикалық мәліметтер бойынша өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі 11,1 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі 82,5% , оның ішінде
тау-кен өнеркәсібінде НКИ –76,3 %,
өңдеу өнеркәсібінде НКИ–99,1 %.
Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 10,5 млрд.теңгені құрады, НКИ 105,5%, оның ішінде
мал шаруашылығында НКИ – 100,7 %.
өсімдік шаруашылығында НКИ –114,2 %.
Негізгі қорға тартылған инвестиция көлемі 36,5 млрд.теңгені құрады, НКИ 146,6%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 26,6 млрд.теңгеге жетті, НКИ 101,5 %.
Тіркелген шағын және орта бизнес субьектілері саны 2094 –ті құрады, өткен жылмен салыстырғанда 102,7%, оның ішінде жұмыс жасайтыны 1992 бірлік, өткен жылмен салыстырғанда 99,5%.
БЮДЖЕТ
2017 жылдың 1 қаңтарынааудан бюджетінің кіріс бөлігінің болжамды көрсеткіштері 102,7 пайызға орындалып, 2330,3 млн.теңге түсті.
Салық салу базасын ұлғайту іс-шараларына сәйкес қосымша 141,2 млн.теңге салық түсімдері есептелінді.
Аудан бюджетінің шығыстарының есепті мерзімдегі нақтыланған жоспары жоғары тұрған бюджеттерден бөлінген трансферттер мен субвенцияны қосқанда 8216,8 млн. теңге, орындалуы 8171,4 млн. теңге болып, 99,4 пайызға орындалды. Негізгі қаржыландыру білім саласына - 5075,9млн.теңге, әлеуметтік қорғауға –434,7 млн.теңге, мәдениет және спорт саласына- 300,4млн.теңге, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласына 915,7млн.теңге және т.б жұмсалды.
Міндеттері:
- Салықтар мен бюджеттік төлемдердің толық және уақтылы бюджетке түсуін қамтамасыз ету;
- Салық базасын ұлғайту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру.
ӨНЕРКӘСІП
Өткен жылы өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі11,1 млрд.теңге құрады, нақты көлем индексі 82,5.
Жалпы өнеркәсіп өнімінің 69,2 пайызын құрайтын тау-кен өнеркәсібінде нақты көлем индексі 76,5%.Өнім көлемінің азаюы мұнай, газ және қиыршық тас өндіру көлемінің азаюынан болып отыр. Мұнай-газ өндіру көлемінің азаюына табиғи себептер және қиыршық тас көлемінің азаюына тапсырыс болмауына байланысты өнімдерінің өтпеуі себеп болып отыр.
Өткен жылдың тамыз айында «Теміржол жөндеу» ЖШС филиалы «Біршоғыр шағылтас зауыты» қолданыстағы ДСК-350 қондырғысын өзгертіп, өндірісті қайта жаңғыртып, заманауи ұнтау жабдығын қолдану арқылы ДСК -300 технологиялық желісін құрды.
Міндеттері:
- Өнеркәсіптік өнім өндіру көлемін өткен жылдың деңгейінен кемітпеу мақсатында тиісті шаралар қабылдау.
- Тоқтап тұрған кәсіпорындардың жұмыс жасауына қолдау көрсету
ИНВЕСТИЦИЯЛАР
2016 жылы негізгі қорға 36,5 млрд.теңге инвестиция тартылды. Нақты көлем индексі 146,6%. Оның ішінде, бюджеттік қаражаттар – 5,9млрд.теңге, кәсіпорындардың меншікті қаражаттары – 16,2млрд.теңге, басқа да несие және банк қаражаттары – 14,4млрд.теңгені құрады. Жалпы инвестиция көлемінің 70 пайызға жуығы темір жол саласына салынды. Өткен жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан 1126,6 млн.теңге, Үкіметтің арнайы резервінен 96,5 млн.теңге қаржы бөлінді.
Міндеттері:
-Экономиканың түрлі салаларына инвестиция тартып, нақты жобаларды жүзеге асыру мақсатында ірі кәсіпорындармен және кәсіпкерлермен жұмыстар жүргізу
-Ауданға тартылатын инвестиция көлемін ұлғайту үшін «Инвесторларға қызмет көрсету орталығымен» тұрақты байланыс жасау.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 10,5 млрд.теңгеге орындалып, нақты көлем индексі 105,5 %- ды құрады,
«Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша 408 бас мүйізді ірі қара, 163 бас жылқы, 548 бас қой алынып, ауданға берілген тапсырмалар артығымен орындалды. Осының нәтижесінде мал басының барлық түрінен де өсімге қол жеткізілді.
2016 жылы ауыл шаруашылық құрылымдарына 170,8 млн.теңге субсидия , жаңадан техника алған және ұңғыма қаздырған шаруа қожалықтарына 48,2 млн.теңге инвестициялықсубсидиялары төленді.
Ауыл шаруашылығы саласына барлығы 118,3 млн.теңге инвестиция тартылды.
Қаладан «Талап» сервистік дайындау орталығы «Болашақ» шаруа қожалығымен бірге тұшпара, манты, т.б өнімдер шығаратын «Шалқар дәмі» ет өңдеу цехын іске қосты. Сонымен қатар, Кішіқұм ауылдық округінен тұшпара дайындау шағын цехы және жүн, тері өнімдерін өңдеу цехы ашылды.
Шалқар қаласынан жанында сыйымдылығы 120 тонналық қоймасы, көтерме сауда дүкені бар көлемі 0,08 га , жобалық қуаттылығы маусымына 3 тонна болатын «Алтын ұя» жылыжай кешені құрылысы аяқталып, іске қосылды.
Тұрғындарды жергілікті өнімдермен қамтамасыз ету және суармалы жерлерді көбейту мақсатында шаруа қожалықтары мен жеке тұрғындар 345 га жерге картоп, көкөніс және бақша дақылдарынегіп, 1234 тн. картоп, 2200 тн. көкөніс, 1616 тн. бақша өнімдері жиналды.
Мал азығын дайындаудың екі айлығында 221,5 мың тонна шөп дайындалып, тапсырма 101,4 пайызға орындалды.
Дәстүрлі емес шаруашылықтарды дамыту үшін аудан бойынша 400 бас бөдене, 10 бас сүтті бағыттағы ешкі, 150 бас қоян сатып алынып өсірілуде.Есет Көтібарұлы а/о «Нұралы» ШҚ 200 бас қырғауыл құсын әкеліп өсіруде және алдағы уақытта 300 бас қырғауыл құсын әкелуді жоспарлауда.
Шалқар көлін уақытша басқару конкурс арқылы жеке кәсіпкерге беріліп, қыркүйек айынан жұмысын бастады. Осы уақытқа дейін үзіліп қалған су айдындарынан 120,0 мың шабақтар алынып, негізгі Шалқар көліне жіберілді.
Өткен жылы ауданда 5 ауылшаруашылық кооперативі құрылды. 1 кооператив сүт өнімдерін өңдеп өндірсе, қалған төртеуінің бағыты мал шаруашылығы. Кооперативтер 1сүт таситын,1ет өнімдерін тасымалдайтын автокөліктерді лизингке алды.
Ветеринариялық-эпизоотиялық профилактикалық іс-шаралар жоспар бойынша жүргізіліп толықтай аяқталды.
Өңіраралық кооперация шеңберінде еліміздің 3 облысына ауданның ауылшаруашылық құрылымдары 495 бас МІҚ, 713 бас жылқы, 680 бас қой, 491 бас түйе малдарын сатып өткізді. Қызылорда облысына 2 рет ауылшаруашылық жәрменкесі ұйымдастырылды.
Міндеттері:
- Мал басы санын және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді тұрақты түрде өсіру
- «Агробизнес» бағдарламасы аясында дәстүрлі емес шаруашылықтарды дамытуға несие алуды жалғастыру
- Қаладан және ауылдық елді мекендерден ауылшаруашылығы өнімдерін өңдейтін қайта өңдеу кәсіпорындарын және сүт қабылдау пунктерін ашу, оның ішінде қаладан ет өңдейтін цехымен, мал сою алаңын және сүт өңдейтін цех құрылысын салу
- Ауылшаруашылық кооперативтерін құрып, жұмыстарын жандандыру
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК
Ауданда 2094 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде жұмыс жасайтыны 1992. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда сәйкесінше 102,7; 99,5 пайызды құрады.
Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерімен 4,0млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, қызметтері көрсетілді.
Салада 3,5 мың адам жұмыс жасайды немесе экономикалық белсенді тұрғындардың 14,0пайызын құрайды.
«Бизнестің жол картасы-2020»бағдарламасыбойынша биылғы жылы 9 жобажүзегеасырылды. Оның ішінде 3 жоба субсидиялау арқылы, құны 465,0 млн.теңге, 6 жоба кепілдендіру арқылы, кепілдік сомасы 51,4 млн.теңге, несие сомасы 100,2 млн.теңге.
Ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Бизнес-регион» жобасы бойынша 7 адам 20,1 млн.теңге, «Даму» қорынан 6 жеке кәсіпкерлер мен 2 шаруа қожалығы «Жас старт» , «Кең дала»жобалары бойынша 39,5 млн.теңге несие алды.
«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамынан «Ырыс» жобасы бойынша 2 жеке кәсіпкер мен 1 шаруа қожалығы 18,0 млн.теңге және «Ынтымақ» жобасы бойынша 1 ауылдық тұтыну кооперативі 6,8 млн.теңге несие алды.
Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында «Гаухартас» көтерме және бөлшек сауда дүкенімен өзара ынтымақтастық орнатылып, тұрақтандыру қоры құрылды. Қазіргі таңда дүкеннің сыйымдылығы 120 тоннадан астам қоймасында картоп, көкөніс және жеміс-жидектер қоры жеткілікті және уақтылы толықтырылып отырылады. Қала және ауылдық округ әкімдері барлығы 53 көтерме және бөлшек сауда орындарымен Меморандумға отырып, тұтыну рыногындағы бағаны тұрақтандыру жөніндегі штабпен меморандум шарттарының орындалуы тұрақты бақылауда.
Ірі сауда дүкендері және көтерме сауда жасайтын кәсіпкерлер облыс орталығынан азық түлік, картоп, көкөніс өнімдерін және оңтүстік, Қостанай өңірлерінен көкөніс және картоп дақылдарын тұрақты түрде әкеліп, аудан халқын қамтамасыз етуде.
Аудан тұрғындарын ауылшаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында Қызылорда облысына қарасты Арал және Қазалы ауданы әкімдігімен Шалқар ауданы әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға отырылды.
Шалқар қаласындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын «Айдана» және «Бек-Аслан» дүкендері арқылыҚызылорда облысы Қазалы, Арал аудандарынан «Рза», «Мерей» ЖШС-нен 33 тонна күріш, «Арал тұз» ЖШС-нен 5,5 тонна тұзәкелінді. Сонымен қатар Қызылорда облысының тұрғыны жерімізге қант қызылшасын егу мақсатында Тоғыз ауылдық округінен 10 000 га жерді жалға алды.
Тұрғындарды арзан ет және сүт өнімдерімен, картоп және көкөніспен қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері 10 рет ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізілді. Жәрмеңкеде ұн, ет, сүт өнімдері, картоп, көкөніс өнімдері нарықтық бағадан 10-15 пайызға төмен сатылып, барлығы 34,2 млн.теңгенің өнімдері өткізілді.
Бөлшек сауда айналымы 2,9 млрд.теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 101,0пайызды құрады.
Міндеттері:
-Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмыстарды жалғастыру, аудан тұрғындары арасында бағдарламалар шарттары мен механизмдерін кеңінен насихаттау.
- Ауданда өңдеу өнеркәсібін дамыту, оның ішінде мал шаруашылығы өнімдерін өңдейтін цехтар ашу.
- Әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында шаралар қабылдау.
- Қаладан кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бизнес-инкубатор ашуға жұмыстар жүргізу.
ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Газбен жабдықтау
Қазіргі таңда аудан тұрғындарының 81,1 пайызын қамтыған қала және 9 елді мекен табиғи газды пайдаланып отыр. Өткен жылдың аяғында облыстық бюджеттен Байқадам ауылының жеткізуші газ құбыры және Қаратоғай ауылының ауылішілік газ құбыры құрылыстарын бастауға қаржы бөлінді. Құрылыс жұмыстары 2017 жылы аяқталады деп күтіледі. Бұған қосымша Біршоғыр, Сарсай, Алабас елді мекендеріне ауылішілік газ құбырлары құрылыстарының жобалық сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді.
2016 жылы қаланың даму аймағына жеткізуші және кварталішілік газ желілері құрылыстары басталды, Жомарт, Бозой ауылдарының даму аймағына газ желілері жүргізілді,
Сумен жабдықтау
Ауданда қала және 28 елді мекен орталықтандырылған су желісімен қамтылған. 2016 жылы Шалқар қаласының сумен жабдықтау желілері қайта жарақталды, қаланың даму аймағына су желісінің құрылысы басталды, қаланың Жомарт, Жазықтық ауылдарына, Қауылжыр ауылындағы аз қабатты тұрғын массивіне су желісі жүргізілді, қаладан су ұңғымасы құрылысына жобалық сметалық құжаттары дайындалды.
2017 жылы Аққайтым, Байқадам ауылдарына сумен жабдықтау желілерінің құрылысы, Біршоғыр ауылының сумен жабдықтау желілеріне қайта жарақтау жұмыстары жүргізілетін болады және қалада басталған су желісі құрылысы аяқталады.
Электрмен жабдықтау.
Ауданның елді мекендері электр энергиясымен толық қамтылған. 2016 жылы қаланың даму аймағына электр желілеріқұрылысы басталды, Жомарт,Бозой ауылдарының даму аймағына электр желілері жүргізілді, Газшылар қалашығының электр желісі қайта жарақталды, Бозой ауылына жеткізуші электр желісінің құрылысына және ауылішілік электр желілерін қайта жарақтау жұмыстарына жобалық сметалық құжаттары әзірленді.
Электр энергиясымен жабдықтаушы мекемелер тарапынан жоспарлы жұмыстары жүргізілді.
Міндеттері:
- 2017 жылы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласына бөлінген бюджеттік қаражаттарды толық игеріп, жұмыстарды сапалы жүргізу
- Қажет елді мекендерге кезең-кезеңмен газ, су желілері құрылыстарын салуға, қайта жарақтауға жобалық сметалық құжаттарын әзірлеу үшін облысқа проблемалық мәселе ретінде көтеру
ЖОЛДАР
Ауданаралық және қалаішілік жолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайы аудан тұрғындарын алаңдататын басты мәселе болып саналады. 2016 жылы қаланың 4 көшесіне 1,6 км-ге орташа жөндеу және 3 көше мен вокзал маңына ағымдағы жөндеужұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 7 көше мен айналма жолды орташа жөндеуге жобалық сметалық құжаттары дайындалып, облыс әкімдігінің алдына проблемалық мәселе ретінде көтерілді.
Міндеттері:
Кезең-кезеңмен қалаішілік жолдарды жөндеуден өткізу
- Елді мекендерді аудан орталығымен байланыстыратын жолдарды жөндеуге жоғары орындарға сұраныстар беру
ҚҰРЫЛЫС
Өткен жылдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 26,6 млрд.теңгеніқұрады, нақты көлем индексі 101,5 пайыз.
Барлық қаржыландыру көздері есебінен 19313 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4952 шаршы метрге артық. Оның ішінде, 15073 шаршы метр жеке тұрғын үй, 3750 шаршы метр «Қазақстан теміржолы» АҚ ұлттық компаниясына қарасты және 490 шаршы метр жалдамалы –коммуналдық тұрғын үйлер. Бюджет қаражатына қаладан 2 пәтерлік 3 және 1 пәтерлік 1 үй салынып, 7 отбасы үйменқамтылу мүмкіндігіне ие болды.
Міндеттері:
Бюджеттен бөлінген қаржыға сәйкес қаладан және елді мекендерден жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйлер құрылыстарын салуды жалғастыру және жаңа құрылыстарға арналған қосымша жобалық сметалық құжаттарын әзірлеу
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
2016 жылы ауданда жұмыспен қамту жоспарына сәйкес тұрақты жұмысқа 685 адам орналастырылып, жоспар 107,8 пайызға орындалды. Жаңадан 630 жұмыс орнын ашу жоспарланса, 832 жаңа жұмыс орны ашылды. «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасы аясында 83 адам 179,3 млн.теңге несие алып, 112 жұмыс орны ашылды. Ақылы қоғамдық жұмысқа 611 адам, әлеуметтік жұмысқа 320 адам, жастар практикасына 312 адам жіберілді.
Жыл бойы 3 рет бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп, қатысқан 199 адамның 72-і жұмысқа жолдама алды.
Жоспарлы шараларды жүзеге асырудың нәтижесінде жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8 % , тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,2 % құрап, өткен жылғы деңгейде қалды.
Табысы төмен деп саналған 8 отбасына 1,1 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек, 644 отбасына 6,0 млн.теңге тұрғын үй көмегі, 753 отбасының 2072 баласына 33,1 млн.теңге балалар жәрдемақысы, азық түлік өнімдерінің қымбаттауына байланысты аз қамтылған отбасыларға 1 АЕК мөлшерінде 11,1 млн.теңге әлеуметтік көмек төленді.
Меморандум бойынша 86 мекемелер мен ұжымдарда 2288 жұмысшымен өзара ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды. Аудан бойынша 173 мекемелер мен ұжымдарда «Ұжымдық шарт» жасалынды.
Аталған бағдарлама шеңберінде ауылдық округтерге инфрақұрылымды және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын ағымдағы жөндеуге Үкіметтің арнайы резервінен және облыстық бюджеттен 134,8 млн.теңге қаржы бөлінді.
Міндеттері:
- «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасы аясында аудан тұрғындарын жұмыспен қамтуды жалғастыру
- Тұрғындарды жұмыспен қамту жоспарына сәйкес 630 адамды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету
- Аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету және мүгедектерді сауықтыру, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді жалғастыру
БІЛІМ БЕРУ
2016 жылы аудан бюджетінің 65,2 % -ы білім беру саласына жұмсалды. Өткен жылы 3 мектепке, көркемсурет лицейіне күрделі жөндеу жүргізілді, қаладан 3 балабақша ашылды. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 0-6 жас аралығы 76,9% , 3-6 жас аралығы 100 % құрады. Облыстық бюджеттен апат алдында деп танылған Қаратоғай орта мектебі құрылысын бастауға қаржы бөлінді. Құрылыс 2017 жылы аяқталады деп күтіледі.
2016-2017 оқу жылында 23 орта, 7 негізгі, 6 бастауыш мектепте 8062 оқушы білім алуда. Биылғы оқу жылынан бастап нормативке сәйкес болмауы себепті Кішіқұм ауылдық округіндегі Сардүлек елді мекені №25 бастауыш мектебі жабылды. Аудандағы 26 бала бақшада 1635 бала, 32 шағын орталықтарда 982 бала тәрбиеленуде.
Еліміздің жарқын болашағын қамтамасыз ету мақсатында саналы да білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін білім саласын дамыту қашанда басты мақсат болып қала бермек. Аудан бюджетінің басым бөлігі бағытталып отырған білім саласында 2000-ға жуық педагог-қызметкерлер балаларға білім мен тәрбие беріп келеді. Әрбір бала дұрыс білім алуы үшін білім беру мекемелері қазіргі заман талабына сай болуы тиіс.
Осыған орай оларды кезең-кезеңмен күрделі жөндеуден өткізу, материалдық техникалық базасын ұлғайту күн тәртібінен түспейді. Бүгінгі күні 4 мектеп пен қаладағы 5 балабақшаны күрделі жөндеуден өткізуге жобалық сметалық құжаттары дайындалып, қаржы сұралуда.Сонымен қатар, Сарсай мектебінің спорт залын және ГКС-12 орта мектебін күрделі жөндеуге жобалық сметалық құжаттары әзірленуде.
Оқулықтар сатып алуға 34,6 млн.теңге бөлініп, 1,8 сыныптарға толық комплект, 4 сыныптың ағылшын оқулығы, 9-сыныптың «Дінтану және зайырлылық курсы» оқулығы сатып алынды.
Аз қамтылған отбасылардың 1751 баласына «Мектепке жол» акциясы бойынша 14,9 млн.теңге , жалпыға міндетті оқу қорының негізінде 1855 балаға18,5 млн.теңгекөлемінде көмек көрсетілсе, «Туған жерге тағзым» акциясы аясында мектеп түлектері 48,3 млн.теңгенің демеушілік көмектерін көрсетіп, мектептерге қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды.
Міндеттері:
Қаратоғай орта мектебінің құрылысын аяқтауға қол жеткізу
Білім беру нысандарын кезең-кезеңмен күрделі жөндеуден өткізу
- Білім беру мекемелерінің материалдық техникалық базаларынжақсартуды жалғастыру
- Мұғалімдердің біліктілігін, оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында тиісті шаралар қабылдау
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Ауданда денсаулық сақтаудың салалық бағдарламасы бойынша жоспарлы жұмыстары жүргізілуде.
1 жасқа дейінгі балалар өлімі 26,7 пайызға азайса, туберкулезбен науқастану 6,7 пайызға көбейіп отыр. 1 ана өлімі тіркелді.
Ауданда екпе алудан бас тартқан ата-аналармен түсінік жұмыстарын жүргізу үшін құрамына емдеу профилактикалық мекемелерінің медициналық қызметкерлері, тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасының мамандары мен теолог енгізілген 2 мобильдік топ құрылып, екпе алудан бас тартып жүрген 98 баланың ата-анасына түсіндірме жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде 3 балаға екпе жасалды.
Скринингтік тексерулер жоспарлы турде жүргізілуде.
Астана қаласына медициналық көмек алуға квота арқылы 68 науқас жолданды.
Өткен жылы аудандық ауруханаға 35,4 млн.теңгенің медициналық құрылғылары сатып алынды.
Ана мен бала денсаулығын нығайту мақсатында аудандық орталық ауруханасын 2017 жылдың 1-тоқсанында жүкті әйелдерге көмек көрсетудің 2-деңгейіне ауыстыру жоспарлануда. Бұл бағытта жыл соңында 25,0 млн теңгенің құрал жабдығы сатып алынды. Сонымен қатар, диагностикалық әлеуеті жоғары компьютерлік томография құрылғысы мен шалғайдағы ауыл халқы үшін жылжымалы флюороқондырғы алу жоспарлануда.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №786 бұйрығына сәйкес, «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде» стационар және амбулатория жағдайындағы науқастарға 54,3 млн.теңгенің дәрі-дәрмегі берілді.
«Жұмыспен қамту -2020» жол картасы бағдарламасы аясында Бегімбет, Бозой елді мекендеріндегі дәрігерлік амбулаториялардың күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
Міндеттері:
- Демографиялық көрсеткіштерді жақсарту арқылы «Денсаулық» бағдарламасы бойынша белгіленген индикаторларға қол жеткізу
- Ана және бала өлімін болдырмау шараларын қабылдау
-Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық техникалық базасын жақсартуды жалғастыру
- Бозой ауылынан 10 төсектік аурухана ашуға жұмыс жүргізу.
- Қажет елді мекендерде медициналық пунктер құрылысын салуға жобалық саметалық құжаттарын әзірлеуге ұсыныстар беру
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ
Ауданда 34 мәдениет ұйымдары жұмыс жасайды. 2016 жылы мәдениет саласын ұстауға және дамытуға 218,8 млн.теңге бағытталды. Есепті кезеңде барлығы 2560 мәдени шара ұйымдастырылып, 27230 адам қамтылды.
Өткен жылы Жылтыр мәдениет үйі табиғи газға қайта жарақталып, іске қосылды.
Біршоғыр және Жылтыр ауылдық кітапханалары жаңа ауылдық кітапхана үлгісіне енгізілді.
2017 жылдың 1 қаңтарына аудандағы кітап қоры 223265 дана, оның ішінде жаңадан алынғаны 3505 дананы құрады.
«Жұмыспен қамту -2020» жол картасы бағдарламасы аясында Шілікті ауылдық мәдениет үйі мен Біршоғыр ауылдық клубы, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында Мөңке би ауылдық клубы мен Тұмалыкөл ауылдық кітапханасы ағымдағы жөндеуден өткізілді.
Міндеттері:
-Мерекелік және саяси даталарға арналғаніс-щараларды ұйымдасқан түрде өткізу
- Мұрағат қорын толықтыруды жалғастыру
- Мәдениет мекмелерінің материалдық техникалық базасын жақсарту
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ
Ауданда 141 спорттық құрылымдар жұмыс жасайды. 2016 жылы 2744 адамды қамтыған 25 спорттық-бұқаралық шаралар өткізілді. Бұқаралық спортпен айналысушы тұрғындардың үлесі 26,9 пайызды құрады.
Өткен жылы аудандық бюджет қаржысына «Азамат» спорт кешені күрделі жөндеуден өткізілді және қаладағы №2, №4, Ә. Жангелдин атындағы орта мектептері жанынан спорт алаңдары құрылысы салынды.
Сонымен қатар, «Туған жерге тағзым» акциясы аясында жеке кәсіпкердің демеушілігімен Мөңке би елді мекенінен 14,0 млн.теңге қаржыға ашық спорт алаңы пайдалануға берілді.
Міндеттері:
- Дене шынықтыру және спортпен айналысушылардың үлесін 27,2% жеткізу
- Елді мекендерден ашық спорт алаңдарын салуға жұмыстар жүргізу
ЖАСТАР САЯСАТЫ
Ауданда 14-29 жас аралығындағы жастардың саны 12287 адам, немесе жалпы тұрғындардың 26,4 пайызын құрайды. 2016 жылы жастар сасятын қолдауға 13,0 млн.теңге қаржы бөлінді. Ауданда 3 жастар ұйымы, атап айтқанда, «Серпін.Жастар-Шалқар», «Жасын», «Аңсар-Шалқар» қоғамдық бірлесітері жұмыс жасайды. Есепті кезеңде жастар ресурстық орталығына түрлі мәселелермен кеңес алған 367 жастың, 12-і тұрақты жұмысқа орналастырылса, уақытша жұмыспен 2-і қамтылды.
«Жасыл ел» және «Гүлдене бер, туған ел» марафон-эстафетасын жүзеге асыру барысында студент және жұмыссыз жастарды жазғы еңбек маусымына тарту жоспарына сәйкес 397 жас маусымдық жұмыспен қамтылды. Бұл мақсатқа 37,7 млн.теңге жұмсалды.
2016 жылы ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен 5793адам қамтылған 61 түрлі іс-шаралар өткізілді.
Міндеттер:
- Қолданыстағы бағдарламаларға, басқа да түрлі жобаларға қатыстыра отырып, жастардың жұмыспен қамтылуына ықпал ету
- Түрлі салаларда жастардың жаңа бастамаларын қолдана отырып, ауданның дамуына үлес қосу мүмкіндіктерін кеңейту
ҚОРШАҒАН ОРТА
Ауданда қоршаған ортаны қорғау, санитарлық тазалық мәселелері күн тәртібінен түспейтін мәселенің бірі.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту есебінен қала және елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстары тұрақты жүргізілді.
Қала және ауылдық елді мекендерді санитарлық тазалау, абаттандыру және жасыл желектендіру мақсатында 2 айлық өткізіліп, гүлдер егілді, 21,4 мың жасыл желектер отырғызылып, жылдық жоспар артығымен орындалды . Жыл бойы 22 рет сенбіліктер өткізіліп, 9,0 мыңға жуық адам және49 техника жұмылдырылып,1141 тонна қоқыс-қалдықтар шығарылды.
Жазғы демалыс кезінде егілген талдарды күтіп-баптауға «Жасыл ел» көгалдандыру жасақтарында студенттер жұмысқа тартылды.
Сонымен қатар Шалқар қаласының ортасынан Тәуелсіздіктің 25 жылдығы атындағы саябақ ашылып, 600 түп әр түрлі талдар егілді. 2017 жылы тротуорлар, субұрқақтар, жарық шамдар қою жоспарлануда.
Міндеттер:
- Қала және елді мекендерде санитарлық тазалық жұмыстарын жалғастыру
- Елді мекендердіжасыл желектендіру бойынша жұмыстар ұйымдастыру
- Қалалық саябақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жалғастыру
ҚОҒАМДЫҚ САЯСИ ЖАҒДАЙ
Ауданда қоғамдық саяси жағдай тұрақты. Аудан әкімі жанындағы ақпараттық–насихаттық топ мүшелері ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауларын, Елбасының 5 институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадам идеяларын, Үкіметтің іс-шаралары мен тапсырмалары, олардың ауданда жүзеге асырылуы туралы аудан тұрғындары арасында кеңінен насихаттауда. Елбасы Жолдауын насихаттауда 205рет елді мекендерде, 82 рет еңбек ұжымдарында кездесулер өткізіліп, 25299 адамды қамтыған баяндамалар оқылды. Бұқаралық ақпарат құралдарына «Елбасының жолдауы – жаңа кезең бастауы» айдарымен Елбасы жолдауына орай тұрғындардың ой-пікірлері жарияланып, Шалқар қаласының көшелерінде және елді мекендерде 146дана билбордтар орналастырылды.
Ауданда 4 саяси партиялардың аудандық филиалдары жұмыс жасайды.
Қазіргі таңда қалада 3 мешіт, ауылдық округтерде 5 мешіт жұмыс жасап тұр. Жергілікті жерден маман даярлау мақсатында «Нұр-Мүбарак» университетінде 6 студент, Ақтөбе медресесінде 2 студент және Сарығаш медресесінде 1 студент білім алуда. Аудан бойынша 600 жамағат, оның ішінде дәстүрлі емес діни ағым ұстанушы 130, сопылық бағытында 43 адам бар. Дәстүрлі емес діни ағымның ықпалында жүрген 19 адам жергілікті әкімдік пен құқық қорғау органдарының ұйымдастырған жұмыстарының нәтижесінде дәстүрлі діни ағымға бет бұрды.
Міндеттері:
- Қоғамдық саяси жағдайдың тұрақтылығын сақтауға бағытталған жұмыстар ұйымдастыру
ҚОҒАМДЫҚ ҚАУПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП
2017 жылдың 1 қаңтарына тіркелген қылмыс саны 327 болып, өткен жылмен салыстырғанда 86,7 пайыз құрады. Жалпы қылмыстың ашылу пайызы 75,9 пайыз.
Ауданда жалпы ұрлық саны 2015 жылмен салыстырғанда 155-тен 150-геазайды. Өткен жылмен салыстырғандамал ұрлығы 40-тан 47-ге, пәтер ұрлығы 33-тен 42-ге өскені байқалды.
Осы аталған қылмыстардың жолын кесу, алдын-алу мақсатында қоғамдық орындарда, көшелерде кешенді полиция күштері шоғырландырылып, жұмыстар жүргізілуде.
Мал ұрлығына байланысты учаскелік полиция инспекторлары ауыл тұрғындарымен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде және малдарды құжаттандыру, сырғалау, ауылдық елді мекендерде күту, бақташы шығарылуы ұйымдастырылуда. Ішкі істер бөлімінің құрамынан арнайы құрылған мобильдік топ рейдтер жүргізіп, қалаға келіп жатқан малдарды тексеріп, анықтау жұмыстарын жүргізуде.
Өткен жылы 6 ауылдық округтің учаскелік инспекторына тұрғын үй сатып алып берілді.
Міндеттері:
Қылмыс деңгейін одан әрі төмендету шараларын алу
- Құқық қорғау мекмелерінің материалдық техникалық базасын нығайтуға жұмыстар жүргізу
ҚОРЫТЫНДЫ
Қаншама шаруа атқарылып, қанша жұмыстар жүргізілгені өткеніңе есеп берген кезде көрінеді. Ауданның өткен жылы жеткен жетістіктері үшін өткізілген әрбір іс-шара - атқарушы орындардың ұйымдастырған жұмыстарының нәтижесінде жүзеге асырылған әрбір шалқарлықтың еңбегі деп айтуға болады.
2017 жылы Елбасымыз міндеттері мен бағыттарын айқындап берген түрлі мемлекеттік бағдарламалар, оның ішінде халықтың әл-аухатын тұрақты түрде көтеруге бағытталған «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жұмыстарды жалғастырылатын болады. Биылғы жылы да Ұлттық қордан, жоғары бюджеттерден ауданымызға қомақты қаржылар бөлінуде. Біздің міндетіміз - осы қаржыны толық игеріп, жұмыстарды сапалы жүргізу.
Биылғы жылы алдымызға қойған міндеттер мен мақсаттар қолда бар мүмкіндіктерді пайдаланып ауданның одан әрі дамуына, даму жолына кедергі болатындай мәселелерді шешуге бағытталады.