Ақтөбе облысының перзентханаларында баланың тууы бойынша қызметтер көрсетіліп келеді

«Азаматтарға арналған үкімет» МК» жұмыскерлері перзентханаларда құжаттарды қабылдауды жалғастырып жатыр. Жас босанған әйел бір мезгілде баланың туу туралы куәлігін ресімдеп, баланың туылуына, бала күтіміне, жүктілікке және босануына байланысты кірістен айырылған жағдайда, әлеуметтік төлемдер, жәрдемақы тағайындау үшін, сонымен қатар баланы бала-бақшаға орналастыру үшін өтініш жаза алады. Қызметті композиттік түрде көрсету бұл – перзентханада бір мезетте 4 қызмет түріне өтініш қабылдау болып табылады.
«Мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, азаматтар баланың туылуын тіркеу үшін 3 жұмыс күн ішінде өтініш беру керек. Азаматтарға ыңғайлы,әрі қолайлы болу үшін, біз баланың туылуын тіркеу бойынша қызметті бір композитке біріктірдік. Бұл қызметалушылардың өмірін әлдеқайда жеңілдетіп және олардың уақытын үнемдейді» - дейді Ақтөбе облысы бойынша ХҚКО департаментінің директоры Ергалиев Руслан Амандықұлы.
Қызметті көрсетуде өтінішті тапсыру үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет: туу туралы медициналық куәлік, ата-ананың жеке куәліктері, неке қию туралы куәлік, сонымен қатар банк есепшоты және алдыңғы балалардың туу туралы куәліктері.
Ата-ана баланың туу туралы дайын куәлігін 2 жұмыс күн өткеннен кейін халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратынан алады. Жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат ұялы телефон арқылы смс-хабарлама түрінде келіп түседі. Айта кететін жайт, бала-бақша кезегі туралы ақпаратты қазақстандықтар egov.kz электрондық үкімет порталынан қарай алады. Төрт ай ішінде Ақтөбе облысы бойынша «ХҚКО» департаменті арқылы 600-ден аса мемлекеттік қызмет көрсетілді, олардың ішінде 2798 баланың туу композиттік қызметтер бойынша көрсетілді.