БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ

2017 жылға аудан бойынша бос жұмыс орындарына жәрмеңкелер ұйымдастыру тоқсан сайын өткізілетін болып жоспарланған болатын.
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында жоспарға сәйкес аудандық Мәдениет үйінде 2017 жылдың 16 маусымы күні «Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен және жұмыспен қамту орталығымен бірлесе бос жұмыс орындарына жәрмеңке ұйымдастырылып өткізілді.
Жәрмеңкеге «Нұр Отан» партиясы Шалқар аудандық филиалының бірінші орынбасары Ж.Шамбалаев, аудан әкімінің орынбасары А.Бурамбаева, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Н.Бисеков қатысып, жәрмеңкеге қатысушыларға ұсынылған бос жұмыс орындарымен таныстырып өтті. Жәрмеңкеге аудандық білім бөлімінен – 7 вакансия, Аяққұм негізі мектебінен – 3 вакансия, «Шалқар аудандық орталық ауруханасы» МКК-нан – 3 вакансия, «Қамқор Локомотив» ЖШС Шалқар сервистік филиалынан – 1 вакансия, «Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нен – 1 вакансия, 4 жеке кәсіпкерлерден – 6 вакансия, «ЖАШ» ЖШС-нан уақытша жұмысқа – 5 вакансия, барлығы 10 жұмыс беуші мекеме 26 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге барлығы 120 жұмыссыз азаматтар қатысып, 16 жұмыссыз азаматтарға жұмысқа жолдамалар берілді. 17 адамға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берілді.
Шалқар аудандық жұмыспен қамту орталығы