«Белгіленген жағажайда шомылу қауіпсіз»

Шалқар көлінде шомылуға рұқсат етілген «Солдат-жағажайы» белгіленген. Бұл аумақ арнайы темір қоршаумен қоршалып қоқыс жәшіктері, әжетхана, күннен қорғанатын шатырлар орналастырылған.
Ағымдағы жылы суға түсу маусымы басталғанда демалыс орындарын орыналастыру үшін Қала әкімінің 2017 жылдың 27-қаңтар №41,42 шешіміммен жазғы суға түсу демалыс орнын орналастыруға 3-кәсіпкерге жер берілді.
Қазіргі таңда аудан бойынша суға түсу орындары Шалқар көлінің «Солдат-жағажайы» жеке кәсіпкерлерМ.А.Мамбетырзаев, А.М.Утегенов, Ч.М., Мусинге суға шомылу маусымында пайдалануға берілді. Дегенмен жағажайға кіріп суға шомылу тегін.
Жағажайда суға шомылу кезінде қауіпсіздікті сақтау мақсатында Шалқар ауданында құрылған «ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облыстық ТЖД Жедел құтқару жасағы» ММ №1 «Шалқар көлі» ҚБ қызмет атқарады. Орналасқан жері Шалқар қаласы жеке құрам құтқару бекетінің старшинасы және 2 құтқарушы. Бекеттің балансында Катер-1, Үрілмелі қайық-1, Матор ямаха-2 дана, құтқару кеудешесі-9 дана, құтқару шеңбері-2 дана, мегафон-1 дана, Рация-2 дана, аптечка-1 дана, су асты іздеу зәкірлері-2 дана, арқан- 50 метр бар барлығыда жарақты күйде.
Шалқар көлі жағаларына суға түсуге қауіпті орындарда 8 тиым салу белгісі, 8 ескеру белгілері орнатылған. Суға түсіге тыйым салынады ескерту белгілері қойылған жерлерде суға шомылуға болмайды. Тыйым салынған жерлерде шомылған жағдайда Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 15 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің баптарына сәйкес әкімшілік шара қолданылады.
Шалқар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі