ХАБАРЛАМА

Шалқар қаласы әкімінің аппараты, белсенді топтардың өтініштері негізінде, Шалқар қаласының «Гвардия» көшесіне Тұрсын Тлешев, «Олимпийская» көшесіне Қонар Дәулетов, «Космонавт» көшесіне Оспан Ақылбеков, «Энергетическая» көшесіне Сағи Алданазаров, «Жеңістің 40 жылдығы» көшесіне Ахун Ақжігітов, «Арал» тұйығына Сары Айтығұловтың есімдерімен қайта атау, ал «Даму» аймағындағы №№ 187-264, 240-355 және 390-420 жер учаскелері орналасқан атаусыз көшелеріне Сражадин Аспенов, Жолдыбай Жүсіпов және Әбіш Бақыткереевтің есімдерін беру жөнінде ұсыныстарын қарауда.
Осыған байланысты әкімшілік –аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру , оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпанындағы № 138 Қаулысына сәйкес, 2017 жылдың 10 қазанында жергілікті уақыт 14-00 де Шалқар қаласы әкімі аппаратында жергілікті қоғамдастықтың жиындары өткізіледі.
«Шалқар қаласы әкімінің аппараты» ММ