«Білім беру ұйымдары бойынша ұйымдастырылған қайырымдылық акцияларының қорытындысы»

Шалқар ауданы әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жоспары бойынша қазан, қараша айларында өткізілген комиссия отырысының күн тәртібінде №8 жалпы білім беретін мектептің ата-аналар комитеті төрағасының атқарған жұмыстары мен аудандық оқушылар сарайы әкімшілігінің жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында атқарған жұмыстары және аудандық білім бөлімінің «Білім беру ұйымдары бойынша ұйымдастырылған қайырымдылық акцияларының қорытындысы» туралы мәселелер тыңдалып, жан-жақты талқыланды.