Ашық есік күні өткізілді

Аудан әкімінің орынбасары А.Бурамбаева бекіткен Шалақар аудандық ЖАО-ның 2017 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді түсіндіру ашық есік күнін өткізу жоспары бойынша 2017 жылдың 15 қарашада «Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-мен «Шалқар аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-нің бірлескен Мемлекеттік корпорация мекемесінде Ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күнін «Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-нің бас маманы П.Жидеканова жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру тақырыбында және «Шалқар аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-нің бас маманы Ш.Садуакасова елді мекен шегінде объекті салу үшін жер учаскесін беру тақырыбында өткізді. Ашық есік күніне 10шақты адам қабылданып түсіндірме жұмыстары жасалды. Сонымен бірге МК қызметкерлерімен дөңгелек үстел ұйымдастырып аталған тақырып бойынша талқылау жасалды.