АХАТ саласы бойынша ашық есік күнін өткізу

Жиналысты ашқан ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы М.Мұқан АХАТ саласы бойынша оның ішінде Некені, Мұрагерлікті, Тууды, Қайтыс болуды ҚР заңнамасына, ҚР Азаматтық кодексіне, ҚР Нотариаты туралы, ҚР Неке және отбасы заңдарына сәйкес уақытында тіркеу керектігі жөнінде түсіндірді.
Шығып сөйлеушілер:
1. Ж.Байнияз – Жаңақоныс ауылдық округі малдәрігерлік пуктінің меңгерушісі, Мұрагерлік құқық туралы куәлік қанша уақытта беріледі?
Жауап: М.Шукенов – Жаңақоныс ауылдық округі Әкімінің аппараты ММ-нің бас маманы, Мұрагерлік куәлік мұрагерлік іс ашылғаннан кейін алты ай мерзім өткеннен кейін кез-келген уақытта беріледі. Куәлік сіздің пәтерге деген меншік құқығыңызды әділет органдарында тіркеу үшін қажет. Тіркеу үшін құжаттарды тапсыру жылжымайтын мүлік орналасқан жер бойынша әділет орнандарының халықа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асырылады.
2. К.Шуйіншалин – автокөлік жүргізушісі, Некені қалай тіркеуге болады?
Жауап: М.Мұқан - Жаңақоныс ауылдық округі Әкімінің аппараты ММ-нің бас маманы, Некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу некеге (ерлі-зайыптылық тұратын адамдардың қатысуымен жүргізіледі, содан кейін тіркеуші орган неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік береді.
3. А.Наурызбаева – зейнеткер, Жұмыссыз жүрген балама жұмыс тауып берсеңіздер?
Жауап: М.Мұқан - Жаңақоныс ауылдық округі Әкімінің аппараты ММ-нің бас маманы, Қазіргі таңда ауылдық округ мекемелерінде бос жұмыс орындары жоқ. Қоғамдық, әлеуметтік жұмысқа аудан әкімдігі адам беріп жатса сіздің балаңызға міндетті түрде хабарласатын боламыз.