«Біздің міндет – халыққа қызмет» атты мемлекеттік көрсетілетін қызметті түсіндіруге бағытталған ашық есік күні

Шара барысында тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызмет тақырыбындағы жаңашылдықтар айтылып, электронды үкімет арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер түсіндірілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметті жетілдіру бағыттары бойынша тұрғындар өз ойларымен бөлісті.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тақырыбында қатысушыларға сұрақтар қойылып, жауап бергендерге шағын сыйлықтар таратылды. Оған қоса, «Айшуақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі жазылған флаерлер таратылды.
Ұйымдастырушы: жетекші маман Н.Мырзалина
23 қараша 2017 жыл