Проактивті тәсілмен көрсетілетін қызмет

Ауданымызда мемлекеттік қызмет көрсетудің проактивті әдісі іске асырыла бастады.Аудан орталығында мемлекеттік қызмет корсетуді проактивті тәсілмен ұсыну пилоттық жобасы аясында жас аналарды Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері құттықтады. Дүниеге келген сәбидің алғашқы құжаты -туу туралы куәлігін бірінші болып , аудан тұрғыны Курманбекова Гулден Жумабеккызына аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығының » басшысы Кунтлеуова Саулехан Табынбаевна ,бөлім басшысының орынбасары Бабанов Рахимжан Коркитович және құжат қабылдау жөніндегі маманы Садыкова Анар Сембаевна, Шалқар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Ибрашева Ақтоты Ердәулетқызы табыс етті.
Проактивті тәсілмен көрсетілетін қызмет туралы айта кететін болсақ ,жаңа босанған анаға автоматты түрде оның сәбиіне беретін аты-жөні сұратылған хабарлама келеді.Басқа мәліметтерді тіркеуші орган тиісті ақпараттық жүйелерден жинап,ал өзге деректерді SMS арқылы ата-анадан сұрайды.Сондай-ақ,телефон арқылы шот номерін жіберіп,жәрдемақыларды рәсімдеуге және балабақшаға кезекке қоюға болады.Ал халыққа қызмет корсету орталығына баланың куәлігін алып кету үшін келу керек немесе уйге жеткізу қызметін пайдалануға болады.Проактивті қызметке қол жеткізу үшін мобильді азаматтар базасына тіркелу қажет.Ол үшін азаматтар порталдағы жеке кабинетінде телефон номерін және сәйкестендіру нөміріне байланыстырып қоюлары тиіс.
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Шалқар аудандық бөлімінің құжаттарды қабылдау жөніндегі маманы А.Садыкова