Семинар өткізілді

Шалқар аудандық сотының аға сот приставы Ж.Шоқамбай Шалқар аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында «Сот кабинеті» сервисі, «Медиация», «Діни экстремизм мен терроризм мәселесі» тақырыбында семинар сабағын өткізді.
Баяндамашы өз сөзінде, сот өндірісін жеңілдетуге, сондай-ақ сот жүйесінің жеделдігін, қолжетімділігі мен ашықтығын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соттың ресми сайтында «Сот кабинеті» сервисінің халыққа тиімділігін атап өтті. Сонымен қатар, Медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» және «Діни экстремизм мен терроризм мәселесі» тақырыбында баяндамасын оқып түсіндірме жасады.
Семинар сабақ қорытындысында қатысушылар ойларымен бөлісіп, «Сот кабинеті» сервисінің халыққа тиімді жақтарын атап өтті.