Шалқар аудандық сотында брифинг өткізілді

Шалқар аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі «Шежірелі өлке» газетінің тілшісі С.Смағұлқызының қатысуымен брифинг өткізілді.
Іс-шараға сот төрағасы О.Бақтыгереев және соттың мамандары қатысты.
Алдымен сот төрағасы қатысушыларды Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауымен таныстырып баяндама жасады.
Өзінің баяндамасында, сот төрағасы О.Бақтыгереев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауда Мемлекет басшысы қаржы секторын «қалпына келтіру»-ден бастап, көлік және логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттырудан, тиімді мемлекеттік басқару мәселелері бойынша 10 негізгі міндетке тоқталғанын атап өтті.
Сонымен қатар, жолдауда адами капиталының жақсартуы туралы айтылғанын көрсетті.
Талқылау барысында, Елбасының Қазақстан халқына жолдауындағы дағдарыстан өту, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, тиімді мемлекеттік басқару, жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі жөніндегі бағыттағы мәселелер бойыншатүсініндірме берілді.
Іс-шара аясында, аға сот приставы Ж.Шоқамбай сотқа құрметтемеушілік көрсеткен фактілерге тоқталып, 2017 жылдың 12 айында 12 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралғанын атап өтті.
Бас мамандар А.Болысбай, Г.Есжанова, А.Нұрұдин қаралаған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қысқаша мәліметтер берді.
Брифингті қорытындылай келе, сот төрағасы О.Бақтыгереев тілшінің сұрақтарына жуап беріп және қатысқан үшін алғысын білдірді.