Шалқар аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

Шалқар аудандық сотында «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға сот төрағасы О.Бақтыгереев, судья С.Дәріқұлова, соттың мамандары, Шалқар аудандық прокуратурасының прокуроры Н.Мулькаев,Ақтөбе облысы кәсіпкерлік палатасы Шалқар ауданының филиалының директоры Ө.Алдияр және Шалқар аудандық ішкі істер бөлімінің, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының, Ұлы-Борсық КМК-нің, Қазақтелеком АҚ-ның қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысында сот төрағасы О.Бақтыгереев баяндама жасады.
«Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар» 1 қаңтар 2015ж. қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 8-тарауында 214-249 –баптар аралығында көзделгенін және 36 түрі қылмыстық құқық бұзушылықтардан тұратындығын атап көрсетті.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 215-бабы «Жалған кәсіпкерлік» Қазақстан Республикасы 03.07.2017ж. № 84-VI Заңымен алып тасталғанын айтып өтті.
Шараға қатысып отырған мекемелердің өкілдері осы аталған тақырыптарға қатысты өз тарапынан пікірлерін айтты.
Қорытындылай келе, сот төрағасы дөңгелек үстелге қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап беріп, белсенді қатысқандары үшін ризашылығын білдірді.