«Электронды сот төрелігі» тақырыбындаоқыту семинары өтті

Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде, Шалқар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында және Ақтөбе облысы бойынша жеке сот орындаушымен «Электронды сот төрелігі» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинарды Шалқар аудандық сотының бас мамандары А.Нұрұдин, Г.Есжанова, және жетекші маман А.Шекенова өткізді.
Аталған семинар «Сот кабинеті» сервисін қолдануды насихаттауға және оның ақпараттық беделін қолдауға, жандандыруға бағытталған.
Шалқар аудандық сотының мамандары «Сот кабинеті», «Соттарды сыртқы бағалау» электрондық сервистері туралы толық ақпарат беріп, жуырда іске қосылған «Сот кабинеті» мобильдік сервисінің жұмыстарымен де таныстырды, қысқа да нұсқа аталған сервистің негізгі басымдылығын түсіндіріп, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында жаңадан ашылған «Сот кабинеті» мобильдік жалғандысымен және «Соттарды сыртқы бағалау» сервистерін көрсетіп, таныстырды.