Шалқар аудандық сотында 2017 жылдың 12 ай жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

Шалқар аудандық сотымен 2017 жылдың 12 айында атқарылған жұмысы бойынша баспасөз конференциясы өтті.
Жиынға сот төрағасы О.Бақтыгереев және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі «Шежірелі өлке» газетінің тілшісі С.Смағұлқызы қатысты.
Іс-шара барысында сот төрағасы О.Бақтыгереев статистикалық мәліметтерге сәйкес қаралған істердің санаты бойынша жария етті.
2017 жылдың 12 айында барлығы 122 адамға қатысты 113қылмыстық іс, 839 азаматтық іс және 750 әкімшілік іс қаралғанын және істерді қарау кезінде тәртібі мен мерзімдері бұзылмағанын айтып өтті.
Сонымен қатар, іс-шара өту барысында сот төрағасы О.Бақтыгереев Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен бекітілген «Сотқа дейінгі дауларды (жанжалдарды) реттеу бойынша пилоттық жобаны енгізуді іске асыру, жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен шешу» жобасы іске асырылып жатқанын және пилоттық жобаның мақсаты, жекелеген санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуде азаматтық сот ісін жүргізуді енгізу, бітімгершілік рәсімдерді қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын азайту, соттан тыс дауды (жандалдарды) реттеуде халықтың мүдделілігін анықтау болып табылатындығын атап өтті.
Баспасөз конференциясын қорытындылай келе, сот төрағасы О.Бақтыгереев тілшінің сұрақтарына жуап беріп және қатысқан үшін алғысын білдірді.