Кәсіпкерлердің назарына

ҚР-сы ІІМ-нің Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламасына сәйкес, ұрлықты болдырмау, алдын алу және өрт қапсіздігін сақтау мақсатында барлық кәсіпкерлер өзіне қарасты нысандарының терезесін торлау, бейне бақылау орнату, күзетші алу және базарда,сауда орнында, ломбард пен дүкендерде жалға алып отырған жеке кәсіпкерлермен, азаматтармен ғимарат иесі жеке-жеке келісім-шарт жасасуы тиіс екенін хабарлаймын. Осы аталған іс-шаралар орындалмаған жағдайда кәсіпкерлерге, жалға беруші ғимарат иесіне құзырлы органдармен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сай шара қолданатынын қаперлеріңізге саламын.
Қала әкімі Г.Мұқанова