ХАБАРЛАНДЫРУ

Шалқар қаласы әкімінің аппараты және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі белсенді топтардың өтініштері негізінде, Шалқар қаласының «Даму» аймағындағы № 390-420, № 240-355 жер учаскелері орналасқан атаусыз көшелерге ерлі-зайыпты Жанұзақовтар және Қадыров Мұхамбетжанның есімдерін беру туралы, ал «Аяққұм» көшесіне Төлеубай Төлепбергенидің, «Гвардия» көшесіне Орынбасар Ақжановтың, «Тәжірибе» көшесіне Ораз Тәтеұлының және «Олимпиада» көшесіне Төлеу Көшербаевтың есімдерімен қайта атау жөніндеге ұсыныстарды қарауда.
Осыған байланысты әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрымдас бөліктеріне атау беру, олардың қайта атау, сондайақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 Қаулысына сәйкес 2018 жылдың 11 маусымында жергілікті 1600 -де қала әкімі аппаратының кеңсесінде жергілікті қоғамдастық жиындары (жоғарыда аталған көше) өткізіледі.
«Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы әкімінің аппараты» ММ-сі