Ерлі-зайыптылар медиация тәртібімен татуласты

Шалқар аудандық сотында Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен (отбасы –тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер)құқық бұзушы Д. қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс материалдары бойынша құқық бұзушы Д. 05.05.2018 ж. сағат 20.00 шамасында жеке тұрғын-жайда зайыбы Ж. ар-намысына тиетін сөздермен балағаттап, былапыт сөйлеген.
Сот отырысында ерлі-зайыптылар медиация тәртібімен татуласқандарын мәлімдеп, істі тоқтатуды сұрады.
Соттың 10.05.2018 ж. қаулысымен Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен жасақталған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс медиация тәртібімен татуласуына байланысты өндірістен тоқтатылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.