Шалқар аудандық зейнетақы төлеу орталығында семинар өткізілді

Шалқар аудандық зейнетақы орталығында Шалқар аудандық сотының бас мамандары А.С.Болысбай, А.А.Нұрұдин, жетекші маман Р.А.Айтмаганбетова сот жүйесіндегі жаңашылдықтар бойынша семинар өткізді.
Бас маман А.С.Болысбайөз сөзінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауына тоқталып, ел үшін маңыздылығын атап көрсетті.
Бас маман А.А.Нұрұдин«Медиация заңын» қолдану аясында атқарылған шаралар туралы баяндап, медиацияның өзектілігі мен тиімділігін көрсете отырып, дауды сотсыз да шешетін институттарды дамыту жолдарын қарастыру қажеттілігін атап өтті.
Жетекші маман Р.А.Айтмаганбетова өз кезегінде «Электронды сот төрелігі»туралы баяндама жасап, сот жүйесіндегі құжат айналымдары электронды түрде жүргізілетінін және сот өндірісіндегі қағазбастылықты азайтып, электронды сот ісін жүргізуді барынша дамытуға арналған маңызды қадамдар екенін айта кетти.
Іс-шараның соңында қатысушылар барлық сұрақтарға толық жауаптарын алды, сондай-ақ барлық жаңашылдықтардың жұртшылық үшін пайдалы екендігіне бірауыздан пікір білдірді.