Шалқар аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

Азаматтарға құқықтық көмек көрсету, соттың қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықтың құқықтық мәдениетін көтеру мақсатында аудандық сотта «Ашық есік күні» ай сайын азаматтар үшін өткізіліп отырады.
Осыған орай, Шалқар аудандық сотында кезекті «Ашық есік» күні өткізілді.
Аталған іс-шараны аудандық сот төрағасы О.Ә.Бақтыгереев өткізді. ҚабылдаудаШалқар қаласының тұрғындары Н.Г.Сабирова мен Г.С.Нурпейсова болып, еңбек өтілін анықтау және атқару парағының дубликатын алу туралы сұрақтарымен жүгінді.
Іс-шара қорытындысы бойынша азаматтардың сұрақтарына толықтай жауаптар және түсіндірмелер берілді.