Сот төрағасы тағайындалды.

Шалқар аудандық сотында аудан активінің қатысуымен жиналыс өтті. Іссапармен Шалқар ауданына келген Ақтөбе облыстық сотының судьясы Б.Ж.Ізтай аудан активінеекінші рет конституциялық мерзімге тағайындалған соттың төрағасы О.Ә.Бақтыгереевты таныстырды.
Ресми жиынға аудан әкімі Б.Н.Қаниев және барлық мемлекеттік мекемелер мен бөлім басшылары қатысты.
Сөз алған Ақтөбе облыстық сотының судьясы Б.Ж.Ізтай Шалқар аудандық сотының төрағасы лауазымына тағайындау туралы 04.05.2018ж.,№680Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын жариялады.
Оралбек Әбішұлы Бақтыгереев, 1961 жылы туған. Білімі жоғары заңгерлік, Мәскеу Мемлекеттік заң академиясын бітірген.
О.Ә.Бақтыгереев еңбек жолын жұмысшы болып бастап, содан соң прокуратурада, сотта қызметтер атқарып, Әйтеке би аудандық сотының судьясы, Ырғыз аудандық сотының төрағасы, Қарғалы аудандық сотының төрағасы лауазымдарында қызмет атқарған.
Қазақстан Республикасы Президентінің 01.02.2013ж. Жарлығымен Шалқар аудандық сотының төрағасы лауазымына тағайындалған.
Жиында сот төрағасын таныстырған Б.Ж.Ізтай Шалқар ауданының сот төрағасы міндетіне О.Бақтыгереевті лайықтылығын, іс-тәжірибесі мол, білімі мен білігі жеткілікті азамат екенін айтып өтті.
Одан әрі сөз алған аудан әкімі Б.Қаниев сот төрағасы О.Бақтыгеревке жемісті жұмыс тіледі.
Жиналыс аясында сот төрағасы О.Бақтыгереевалғысын айтып қашанда Елбасының сенімін ақтап, сот саласының дамуына өз үлесін қосатынын жеткізді.
Жиналысты қорытындылаған облыстық соттың судьясы Б.Ж.Ізтай аудандық сот төрағасының алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.