Шалқар аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

Азаматтарға құқықтық көмек көрсету, соттың қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықтың құқықтық мәдениетін көтеру мақсатында аудандық сотта «Ашық есік күні» ай сайын азаматтар үшін өткізіледі.
Осыған орай Шалқар аудандық сотында кезекті «Ашық есік» күні өтті.
Аталған іс-шараны сот төрағасы О.Ә.Бақтыгереев өткізді.
ҚабылдаудаШалқар қаласының тұрғындары Алмағанбетовтер отбасы неке-отбасы қатынастарынан туындаған даулы мәселелері бойынша және С.Жолдыбаева атқару парағын алу туралы сұрақтарымен жүгінді.
Сот төрағасы азаматтардың сұрақтарына нақты жауаптар берді,сонымен қатар аталған шарада даулы мәселелерді медиация тәртібімен шешу жолдарынтүсіндірді.