«Жақсылық жасауға асығыңыздар»

Шалқар аудандық соты «20 игі іс» эстафетасына қатыса отырып, көмекке мұқтаж адамдарға жәрдем жасады.
Бұл акциясы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет органдарына 20 жыл және Астананың 20-жылдығы мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған.
Акция барысында «лейкемия» ауруына шалдыққан 8 жасар қыз балаға қаржылай көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, қолындағы баласының бірдей екі бүйрегі істен шыққан зейнеткер жалғыз басты анаға шаруашылық көмек көрсетілді.
Шалқар аудандық сотына көмек алған отбасыларөз ризашылықтарын білдірді.