Ең төменгі жалақымен зейнеткерлікке шыққандар қанша ақша алады

ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова зейнетақы қорына көбірек ақша жинауға кеңес берді. Себебі минималды жалақымен зейнеткерлікке шыққандар ай сайын 30-40 мыңнан артық алмайды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Өкінішке қарай, бүгінде кейбір жұмыс берушілер зейнетақы жарналарын аудармайды. Ал жұмысшылар оны сұрамайды да, өз болашағын ойламайды. Ондай адамдар зейнетақы қорына жарна аудармаса, ақша жинамаса, мемлекеттен зейнетақы алады. Бірақ оның мөлшері көп емес, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 проценті ғана, ол, шамамен, 14 мың теңге», - деді С.Жақыпова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында...