Зейнетақымен қамсыздандыру заманға икемді ме?

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында әлем үдерісімен бірге еліміз де технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келе жатқанын атап өтті. Президент өз сөзінде «Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды түбегейлі өзгертуде» деген болатын. Мемлекет басшысы осыған орай бірқатар құзыретті органдарға тапсырмалар жүктеді. Аталған міндеттер өз кезегінде әр салада біртіндеп жүзеге асып келеді. Соның ішінде зейнетақы жүйесінің оңтайландырылуында оң істер баршылық...