Электронды арналар арқылы 125 мыңнан астам қызмет көрсетілді

Ақтөбе облысы бойынша зейнетақы активтерінің көлемі 20,8 млрд теңгені құрады. Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры Жанара Шайхимова айтты, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ақтөбе облысы бойынша зейнетақы активтерінің көлемі 20,8 млрд теңгені құрайды, оның ішінде міндетті зейнетақыжарналары есебінен – 19,6 млрд теңге, міндетті кәсіби зейнетақыларжарналары есебінен – 1,2 млрд теңге. Ақтөбе облыстық филиалының операциялық бөлімшелері электронды арналар арқылы 125 мыңнан астам қызмет көрсетті, зейнеттік қызметтерді түсіндіру бойынша 780 кездесулер, сондай-ақ, жеке және корпоративтік зейнетақы калькуляторларының үлгілерін қолдана отырып, зейнеткерлікті жоспарлау мәселелері бойынша 4349 дербес консультациялар өткізілді...