Тиісті түрде тіркелмегені үшін айыппұл салынды

Шалқар аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабының 1-бөлігімен (тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу) жасақталған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс материалдары бойынша,04.07.2018 ж. жеке тұлға Қ. Шалқар қаласында орналасқан «Раушан» сауда үйінен «Қазпочта» ғимаратына дейін автокөлігімен мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелмей ақылы түрде адам тасымалдап кәсіпкерлікпен айналысқан.
Соттың қаулысымен құқық бұзушы Қ. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің463-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 36075теңгеге әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.