Шалқар аудандық сотында семинар сабақ өткізілді

Шалқар аудандық сотында сот мамандары мен «Күзет» қызметкерлерінің арасында«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және аудандық сот ғимаратының қауіпсіздік шараларын күшейту» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.
Семинар сабақ барысында жергілікті соттар ғимаратында рұқсатама тәртібітуралы, сотқа келушілердің және сот отырысына қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, сот ғимаратына кіргізуге тыйым салынатын заттар тізімі мен төтенше жағдайлар болған жағдайда өткізілетін іс шаралар туралы талқыланды.
Сонымен қатар, аға сот приставы Ж.Шоқамбай тақырып бойынша баяндама жасады.
Бұл шара алдағы уақытта сот ғимаратында төтенше жағдайлардын алдын алуға бағытталғанын және бірлесіп жұмыс жүргізу қажеттігін көрсетті.