Шалқар аудандық білім беру бөлімінде семинар кеңес өткізілді

Шалқар аудандық білім беру бөлімі мамандары мен мекетеп директорлары арасында «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2018 жылғы 25 қаңтардағы №28 өзгертулер тақырыбында семинар сабақ өткізілді.
Семинар сабақ барысында жергілікті білім беру ғимаратына мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай қарастыру туралы, келушілердіңстандартқа сәйкес құқықтары мен міндеттері, туралы талқыланды.
Сонымен қатар, аудандық білім бөлімінің бас маманы Ж.Бекетова тақырып бойынша баяндама жасады.
Бұл шара қорытындысымен хаттамалық тапсырмалар беріліп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жүргізу қажеттігін көрсетті.