ХАБАРЛАМА

«Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы әкімінің аппараты»ММ-де, 2018 жылдың 27 тамызында жергілікті сағат 1600-де жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізілді.
Күн тәртібіндгі қаралған мәселелер:
1. Шалқар қаласы бойынша 2018 жылға жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған ақшаның түсімдері мен шығыстарының жоспарында бекітілген абаттандыру , көгалдандыру, жарықтандыру жұмыстарынан үнемделген қаржыны жұмсау жөнінде.
2. «2018-2020 жылдарға арналған Шалқар қалалық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыруларын талқылап келісім беру.
Жиналыс қорытындысына сәйкес:
1. Жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған ақшаның түсімдері мен шығыстарының жоспарында бекітілгенабаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру жұмыстарынан үнемделген қаржысынан 124001159 бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік қызметшіні оқытуға 230900 мың теңгеге, 124013159 бюджеттік бағдарламасы бойынша қаланың 7 көшесіндегі автожолдарының (Аяққұм, Жалмағанбетов, Гагарин, Абдуллин, Қазанғап көшесінің жоғарғы жанын, Айтеке би және Есет Көтібарұлы көшелерінің көл жағының) ағымдағы жөндеу жасау үшін мемлекеттік сараптама және техникалық зерттеу актісін дайындау үшін 1440800 теңге, 124008159 бюджеттік бағдарламасы бойынша қала көшелерін түнгі жарықтандырудың электр қуатына 8000000 теңге, 124013149-бюджеттік бағдарлама бойынша М.Шыманұлы көшесінде орналасқан бағдаршамның қуат блогын алуға 40,0 мың теңгеге, 124011149-бюджеттік бағдарлама бойынша абаттандыруға қажетті тауарлар сатып алуға 606695,8 теңге, 124008149-бюджеттік бағдарлама бойынша көшені жарықтандыруға қажет электр тауарларын алуға 2498101 теңгеге, 124001032-бюджеттік бағдарлама бойынша қала әкімі аппаратына компьютер алуға 170,0 мың теңгеге, 124001144-бюджеттік бағдарлама бойынша қала әкімі аппаратының автокөлігіне жанар жағар май алуға 208752 теңге бөлу жөніндегі ұсыныстарға келісім берілді .
2. «2018-2020 жылдарға арналған Шалқар қалалық бюджетін бекіту туралы» шешімінің өзгерістер мен толықтыруларына келісім берілді.
«Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы әкімінің аппараты» ММ