Елордалықтар зейнетақы жөнінде 109 нөмірінен кеңес алуына болады

«Бірыңғайжинақтаушызейнетақықоры» АҚ мен қалалық iKomek жедел ден қою мониторинг орталығы ынтымақтастық туралы келісім жасасты. Елорда әкімдігі «Астана - ыңғайлы және қауіпсіз қала» жобасын дамытуды қолға алған. Жоба аясында енді бірыңғайжинақтаушызейнетақықорының салымшылары, сондай-ақ барлық қала тұрғындары зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша iKomek орталығының операторларынан ақпарат және кеңес ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.Айта кетейік, орталық барлық қалалық қызметтер бойынша демалыссыз және тәулік бойы кеңес береді, тұрғындардың шағымдары мен өтініштерін қабылдайды, әлеуметтік желілерге мониторинг жасайды және әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен өтініштерге жауап береді.iKomek 770-тен астам қызмет көрсетеді. Енді оған БЖЗҚ жұмысы мен көрсететін қызметтері туралы ақпарат беру және «БЖЗҚ» АҚ Астана қалалық филиалының байланыс деректері бойынша анықтамалық ақпарат беру қызметі қосылды.Орталық 365/24/7 тәртібінде жұмыс істейді. 109 телефон нөмірі, «Smart Astana» ұялы қосымшасы немесе әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы өтініш білдіруге болады.