Салық төлеушілердің назарына

Шалқар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің 564 бабына сәйкес, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем/ үй салуға алған жер үшін/,жеке тұлға шарт жасалған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей төлеу керек. Келесі жылдан бастап төлемақы сомасын әр жылдың 25 ақпанынан кешіктірмей төлейді.
061701-ге төлеу керек
Аталған кодекстің 494 бабына сәйкес, көлік құралдары салығын жеке тұлғалар салық төлеуді тұрғылықты жері бойынша жүргізеді. Сондай-ақ, көлік құралдары басқа қалаларда тіркеліп, жеке тұлғаның мекен-жайы Шалқар ауданында тіркелген болса, тіркелген мекен-жайы бойынша төленетінін ескртеміз. Көлік құралдары салығын төлеу мерзімі 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл болып табылады.
Кешіктірілген әр күнге өсім өсетіндігін және мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылатынын ескертеміз.
Төлеу мерзімі өтіп кеткен берешек салық сомаларын Мемлекеттік кірістер комитетінің «htpp://kgd.gov.kz» порталынан ЖСН-дарыңызды қою арқылы қарауға болады.
Сондай-ақ, басқарманың 21-0-08 телефонына қоңырау шалу арқылы білуге болады.
Қала бойынша-061703
Бозой ауылдық округі-061702
Кішіқұм ауылдық округі-061708
Айшуақ ауылдық округі-061706
Бершүгір ауылдық округі-061713-ке төлеу керек
Шалқар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы