Жүріп –тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге әлеуметтік көмек тағайындалады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен «Жүріп –тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бекітілді.
Бекітілген стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін :
1.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (ХҚКО) ;
2.Көрсетілетін қызмет берушіге немесе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы көрсетіледі.
Бұл мемлекеттік қызметті алу үшін «Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына» сәйкес жеке көмекшінің немесе ымдау тілі маманының қызметтері ұсынылған 1 топтағы мүгедектерге көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішке қоса ;
1. жеке басын куәландыратын құжатты (сәйкестендіру үшін) ұсынады.
Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын, мүгедектігі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Ал егерде көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері ақпараттық жүйелерде болмаған кезде мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндінің көшірмесі қоса беріледі.
Сонымен қатар көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен статусы туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, "1414", 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Ж.Мырзабек
«Шалқар аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» ММ сектор меңгерушісі