Сотқа құрметтемеушілік көрсеткен үшін жазаға тартылды.

Шалқар аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен (сотқа құрметтемеушілік көрсету) Ш. азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс материалдары бойынша, құқық бұзушы Ш. қылмыстық іс бойынша сотталушы ретінде өтіп, 18.09.2018 жылы сағат 11.00-де болатын сот отырысы туралы тиесілі түрінде хабарланғанына қарамастан, уақытында келмей дәлелді себептерсіз кешіккен, соның салдарынан сот отырысын уақытында бастау мүмкін болмаған.
Осы әрекетімен Ш. сотқа құрметтемеушілік көрсетіп, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653-бабының 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.
Сотта құқық бұзушы Ш. кінәсін мойындап, сот отырысына уақытында келмегеніне дәлелді себебі жоқ екенін көрсетті.
Соттың қаулысымен Ш.Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен әкімшілікжауаптылыққатартылып,ескертутүріндегі жаза тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.